№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды 
Egemen.kz.

 Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы атанған қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 44-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті.
Бірінші партияда отандасымыздан озып кеткен аустралиялық теннисші сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.
Екінші сетте Елена Рыбакина есе қайырды - 6:2.
Үшінші, шешуші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермеді - 6:3.
Екі сағатқа жуық созылған матчта Е.Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.
 Осылайша, Е.Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өтт. Ол финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен таласады.
06 шілде 2022 ж. 841 0