Соңғы жаңалықтар

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Елена Рыбакина финалға шықты

Елена Рыбакина финалға шықты




Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 24-ракеткасы,
Аустралия ашық чемпионатының екі дүркін чемпионы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, өткен жылы Индиан-Уэллсте (АҚШ) қазақстандық теннисші басым түскен еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте В. Азаренко брейк жасап, алға кетті. Дегенмен, Елена қатарынан үш геймді алып, есепті 5:3-ке жеткізді. Әйтсе де, өзі доп бергенде, сетболды пайдалана алмады. Тай-брейкте Елена дегеніне жетті - 7:6 (7:4). Екінші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті - 2:1. Тағы бір брейк - 5:2. Дегенмен, Елена матчқа доп бергенде, В. Азаренко қайыра брейк жасады. Бірақ, қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен матчты түйіндеді - 6:3".
Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Е. Рыбакина 9 эйс жасап,11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.   Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.   Елена финалда әлемнің 5-ракеткасы, тағы бір белоруссиялық Арина Соболенко немесе рейтингіде 45-сатыдағы Польша өкілі Магда Линеттің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.   Өткен жылы Рыбакина Уимблдонда тарихи жеңіске жетті.
27 қаңтар 2023 ж. 812 0