№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерейлі мерекедегі құрмет

Мерейлі мерекедегі құрмет

Қазақ әйелі – елдіктің, биіктіктің өлшемі һәм белгісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев ауданымыздағы мектеп директорларын яғни нәзік жанды аруларды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Ауданның бас ұстазы Бекжан Есенбаев алғы сөз алып, ыстық лебізін білдірді.
– Құрметті аналар! Сіздер ұлт тірегісіздер. Бақыт балалы үйге қонады дегендей, сіздер бақыттысыздар, әрі батырсыздар. Баланы өмірге әкеліп, оларды өсіріп, білім беріп, қоғам игілігіне пайдасын тигізетіндей етіп тәрбиелеу аналардың қажырлы еңбегінің, нағыз ерлігінің белгісі. Соған қарамастан сіздер жұмысты да, үй тірлігін де, бала тәрбиесін де қатар алып жүрсіздер. Осындай еңбекқор аяулы жандарды марапаттап құттықтау – біздің айнымас дәстүрімізге айналған. Әрқайсыңыздың жанұяңызға ырыс-ынтымақ тілеймін. Қазақ әйелдері отбасының ұйытқысы ғана емес, олар қоғамды алға сүйреп, бірлік-берекені бекемдейтін қуатты, қозғаушы күш. Жаңақорғандық аналар халық санының өсіміне оң әсерін тигізіп, ұрпағына тәлімді тәрбие, саналы білім беріп келеді. Сондай-ақ, саясатта да, бизнесте де, қоғамдық жұмыста да белсенді, – деп алғаусыз ақ тілегін жеткізді.
Мерекелі күнде мейірлі шуағы артып, қасиетті Жер-Анамен бірге бар адамның тұла бойына нәр құятын көктем мерекесіне орай мектеп басшыларына арнайы «Алғыс хатпен» сый-сыйапат табысталып, аналар мен аруларға құрмет көрсетілді.
07 наурыз 2024 ж. 234 0