№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрмет төрінде – ұстаз аналар

Құрмет төрінде – ұстаз аналар


Қазақ әйелі – елдіктің, биіктіктің өлшемі һәм белгісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кент орталығындаы №110 мектептің көрермен залында халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ардагер мұғалімдер мен ұстаз аналарға арналған керемет кеш өтті.
Кеш қонағы – бірнеше жылдар бойы білім саласында тер төккен ұстаздар мен ақ жаулықты аналар мереке сәнін кіргізіп, ұлттық киіммен сән-салатанатын байқатты. Шарада сөз алған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.
– Құрметті аналар! Сіздер ұлт тірегісіздер. Ел тарихының қай кезеңінде болмасын, батыр аналар ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық пен тыныштықтың, өрлеу мен өркендеудің басынан табылды. Бүгінде, осы жолда еңбек етіп жатқан аналарымыз жетерлік. Қоғамда нәзік жандылар сан түрлі саланың қырсырын меңгерген. Әсіресе, ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Олар – мектептің жүрегі. Жастардың білімді де білікті, парасатты азамат болып қалыптасуында мұғалімдер қауымының еңбегі зор, – деді аудан басшысы.
Аудандық білім бөлімінде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан бір топ ұстаз аналар марапат мінберінен көрінді. Солардың қатарында Әсел Байболова, Айжан Омарова, Жанна Бижанова, Бибігүл Тулегенова, Ұлбала Бисенова, Гүлзира Айсынова, Лора Тұртанова, Жанбибі Шаметова, Балжан Файзуллаева, Күлайхан Елтаева, Гүлнәр Әлібекова, Мадина Тулегенова, Рая Шыныбекова, Толқын Анарбековалар бар. Сондай-ақ, ауданның бас ұстазы Бекжан Есенбаев зейнеттегі ұстаздарға ыстық ықыласын білдіріп, мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі.
Мерейлі кештің соңы «Шымкент» әзіл-ысқақ театрының қойылымымен жалғасып, өнерде жүрген белгілі әншілер өнер көрсетті.
06 наурыз 2024 ж. 138 0