№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шуақты күндегі шырайлы кеш

Шуақты күндегі шырайлы кеш



8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жаңақорған ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бекболат Шәріпбеков көп балалы аналарды қабылдап, мерекемен құттықтады.
Кездесу аудан әкімідігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Жайна Жиенбаева мен Жаңақорған ауданы әкімінің әйелдер ісі, отбасы гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Роза Исаеваның ұйымдастыруымен өтті. Бекболат Жүнісәліұлы аналарға лебізі төмендегіше өрілді: – Құрметті аналар! Сіздер ұлт тірегісіздер. Бақыт балалы үйге қонады дегендей, сіздер бақыттысыздар, әрі батырсыздар. Баланы өмірге әкеліп, оларды өсіріп, білім беріп, қоғам игілігіне пайдасын тигізетіндей етіп тәрбиелеу аналардың қажырлы еңбегінің, нағыз ерлігінің белгісі. Соған қарамастан сіздер жұмысты да, үй тірлігін де, бала тәрбиесін де қатар алып жүрсіздер. Осындай еңбекқор аяулы жандарды марапаттап құттықтау – біздің айнымас дәстүрімізге айналған. Әрқайсыңыздың жанұяңызға ырыс-ынтымақ тілеймін, – деп түйіндеді тілегін. Қабылдауға ұрпақ жалғастығын бірінші орынға қойған, көп балалы отбасы атанып, еліміздің демографиясына үлесін қосып, алтыннан алқа таққан ақ жаулықтылар келді. Олардың ішінде 12 баладан 60 немере 40 шөбере сүйіп отырған Зүльфия Биназарованы ерекше атауға болады. Жайылмалық Дариха Көрпебаева апамыз 3 ұл, 8 қыздың анасы, 51 немере, 28 шөберенің аяулы әжесі. Сондайақ марапатталушылар арасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған Ақжарқын Сарсенбаева 1 ұл, 7 қыздың анасы Бибігүл Ерімбетова, 30 жылдан астам уақыт пошта саласында қызмет істеген Тұмарқұл Торғаева апамыз да бар. Сексеннің сеңгіріндегі Зүльфия әжеміз жиналғандарға батасын берді: – Баланың көп болғаны жақсы. Бірақ санасы болса әрине. «Дұрыс қанаттанған, түзу ұшар» демекші, алдыңғы арба қалай жүрсе кейінгісі солай жүреді. Бір-біріне қарап бой түзейді. Баланы тәрбиелеймін деп сөзіңді шығындамай, алдымен өзің бой түзесең сол да жеткілікті. Отбасынан алған жақсы тәрбие егесін қай жерден де алып шығары анық, – деп сөзін тәмамдады. Кездесу соңында Бекболат Жүнісәліұлы халық санының өсуіне өзіндік үлестерін қосып жүрген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерімен естелік суретке түсті. Көненің көзін көріп, бесік жырымен бөбегін тербеткен, бетегеден биік, жусаннан аласа аналарымыздың қатары азаймасын. Оларды күнде құттықтасақ та жарасады. Қазіргідей құрсақта жатқаннан смартфонмен таныс альфа ұрпақтарына ана мектебі, әже мектебі әсер ете ме, жоқ па, ол жағы бұлыңғырлау мәселе.

                                                                                                                               Рауза Әзілхан
11 наурыз 2023 ж. 303 0