"Экспресс" ансамблі Алматының төрінде
Көктемнің алғашқы күні Алматы қаласының басты сахнасы, Республика сарайында жерлесіміз Дуйсенхан Сыздыков басқаратын продюсерлік орталығы ұйымдастырған "Гүл сыйлайық- Анаға" атты 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған үлкен концертке жаңақорғандық "Экспресс" халықтық вокалды - аспапты ансамблі шақырту алып, Қазақстан эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетіп қайтты.Ансамбль мүшелері сапарға шығуларына көмек берген өз басшыларына, "Магнит", "Береке", "Қара Бура", "Ержан", "Doner-king", "МК-flowers" сауда орталықтарының иелеріне, жеке кәсіпкерлер Нұрболат Аширов пен Нұржамал Шероваға, әріптесіміз Сыздыков Жанибекке өз алғыстарын білдіреді. Батасы мен қаржылай көмек берген кент әкімі Әбдірасыл (Асқар) Ибрагимовке,
Алматы қаласындағы ағайындар Бағлан Ибрагимов, Бақытжан Жаңабековке, музыкант Әділжан Мұқанұлына және концертті ұйымдастырушы Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, әнші, композитор Дүйсенхан Сыздықовқа арнайы алғысымызды білдіреміз. Концерттің толық нұсқасы 8 наурыз күні КТК телеарнасынан көрсетіледі. Концертте шырқалған композитор Дүйсенхан Сыздықовтың ақын Адырбек Сопыбековтің сөзіне жазылған "Сағынышым" әнін бүкіл әйел қауымына мерекелік шашу ретінде жолдаймыз.