Ауыз судың сапасына мониторинг!
Бүгінгі күні сапалы ауыз су мәселесі күрделі проблемалардың біріне айналып отыр. Ауыз су жалпы эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз, органалептикалық қасиеті бойынша қолайлы болуы керек.
Тұрғындардың шаруашылық ауыз су қажеттілігне пайдаланып отырған су келесі гигеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:
Органалептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес бөгде дәм мен иістің болмауы.
Адам ағзасына зиянды әсерлері бар тұздар мен уытты заттардың шамадан тыс артық мөлшерде болмауы.
Патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.Су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы үшін табиғи судың құрамында кездесетін заттарға, суға өңдеу үрдісінде қосылатын реагенттерге, адамның іс әрекетінің нәтижесінде суда кездесетін заттарға арнайы нормативтер бекітілген. Судың көрсетілген нормативтен ауытқуы оны тазарту технологиясының қажетті дәрежесін айқындайды.
Су-тіршілік көзі, сусыз өмірді елестету мүмкін емес. Адам денесінің 70 пайызы судан тұратынын ескерсек, судың сапасы денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Су арқылы жұғатын ауруларды айтатын болсақ А,В паратифтер, дизентерия, А вирусты гепатиті, тырысқақ.Ұйымдастырылмаған суды тұтыну, су құрылыстарындағы, су құбырындағы техникалық апаттар, қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтамау жұқпалы аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуда жалпы мемлекеттік санитариялық гигиеналық шаралар маңызды роль атқарады. Ауыз су сапасын зертханалық зерттеулермен тұрақты бақылау, сумен жабдықтау обьектілерін дезинфекциялау жүргізіледі.Бүгінгі таңда Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында 37 сумен жабдықтау объектілері бар. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық сумен жабдықтау» ШЖҚ РМК «Арал салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы «Жиделі топтықсу құбырын пайдаланушы Жаңақорған өндірістік бөлімшесіне» 9 елді мекен су құбыры қарасты болса, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық сумен жабдықтау» ШЖҚ РМК «Арал салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы «Жаңақорған аудананының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесіне 28 елді мекен су құбыры қарасты.
Басқармамен мониторингтік бақылау бойынша ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалының Жаңақорған аудандық бөлімшесіне 2023 жылы жыл көлемінде ай сайын ауыз сынамалары алынып, зертханалық зерттеулермен қамтылған болатын. Жалпы 2023 жылы мониторингтік бақылау бойынша химиялық зертханаға 354 ауыз су сынамасы, микробиологиялық зертханаға 411 ауыз су сынамасы алынып тексерулермен қамтылды, сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Биылғы жылы да жыл басынан жоспардан тыстексеруге сәйкес ауыз судың сапасын бақылауға мектептерден, мектеп асханаларынан әлеуметтік маңызы бар ұйымдар мен нысандардан ауыз су сынамалары алынып тексерумен қамтылуда. Бұдан бөлек жыл басынан бастап мониторингтік бақылаумен ауданға қарасты елді мекендердің ауыз су сапасын бақылау бойынша ауыз су сынамалары алынып, сараптамалық тексерулермен қамтылып, үнемі Басқарма бақылауында екендігін айтқым келеді.
Судың сапасы біздің өмірімізбен және денсаулығымызбен тығыз байланысты.Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы
Б.М.Бидаш