№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапалы ауыз сумен қамту ұдайы назарда

Сапалы ауыз сумен қамту ұдайы назарда


«Су – тіршілік көзі». Әрине, адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. Су ағзадағы бүкіл тіршілік әрекетін реттеп отырады. Ол газ тәрізді, сұйық және қатты заттарды ерітуші болып табылады, сондай-ақ зат алмасу, ас қорыту жүйелерінің жұмысына қатысады. Сапалы ауыз су мөлдір, иіссіз және жағымды дәмді болуы керек. Сапасыз судың салдарынан адамдар холера, гепатит, дизентерия т.б. жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Су ағзадағы бүкіл тіршілік әрекетін реттеп отырады. Ол газ тәрізді, сұйық және қатты заттарды ерітуші болып табылады, сондай-ақ зат алмасу, ас қорыту жүйелерінің жұмысына қатысады.Сапалы ауыз су мөлдір, иіссіз және жағымды дәмді болуы керек.
Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет: 1. Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы; 2. Адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы; 3. Патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы. Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген.
Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек. Аудан халқы үшін ауыз судың маңызы өте зор. Ауыз судың сапасын қадағалап адам организміне зиянын болдырмау мақсатында Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, жұмыс жасауда. Ауданымызды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қызметін "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемле кеттік кәсіпорнының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы «Жиделі топтық су құбырларын пайдаланушы Жаңақорған өндірістік бөлімшесі» және «Жаңақорған ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі атқарады. Кәсіпорын өндірістік бақылау негізінде ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сраптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық бөлімшесімен келісім шартқа отырып, халық тұтынып отырған ауыз судың сапасына күнделікті қадағалау жүргізіп, зертханалық зерттеу жүргізіп отырады. Сонымен қатар басқармамен аудандағы ауыз судың сапасына мониторинг жүргізіліп, ай сайын зерттеуге ауыз су сынамалары алынып, тексеріліп отырады. Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың, мәдени деңгейінің өсуі, осының бәрі судың қажеттілігін өсіреді. 2022 жылы 26 елді мекен, аудан халқының 92,6 пайызы сапалы таза ауыз сумен қамтылса. 2023 жылы 36 елді мекен, аудан халқы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Орталықтандырылған ауыз су сапасының көрсеткіштерін санитарлық талап бойынша ұстаудың бірден бір себебі ол, су жүйесінің санитарлықтехникалық жағдайын жақсарту, суды тазарту, залалсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану, кездескен ақауларды дер кезінде жою болып табылады. Ауданымыздағы орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне 2023 жылдың көктемгі күшейтілген хлормен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ал күзгі күшейтілген хлормен жуу залалсыздандыру жұмыстары қазан айына жоспарланған. Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен аудан тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне, ауыз су арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ісшаралар жүргізуі жалғасын таба береді. Су дегеніміз – өмір табиғаты, судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Сондықтан оны таза ұстау – баршаға міндет.

         Бейбіт Бидаш
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау,
техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы

15 шілде 2023 ж. 303 0