Аққұм елді мекеніндегі ағайынның жайы

Депутаттар №221 негізгі мектептің жай күйімен танысу барысында мектепке бөлінген қаржы, кабинеттердің жабдықталуы, жұмсалған қаржы, мектепті жылыту көзі, мұғалім мамандығының жүргізетін пәніне сәйкестігі, медициналық кабинеттің болуы және медбикемен қамтамасыз етілуі, ыстық тамақтың ұйымдастыру жайы зерделеніп, мұғалімдермен пікірлесіп, ой бөлісіп, біліммен қамтамасыз ету сапасын бақылады.Анықталғаны: 100 орындық мектеп 2018 жылы пайдалануға берілген, қазіргі таңда 133 бала білім алады. Мектепке 30 мұғалім дәріс береді. Ғимараттың ішкі сыртқы жағдайы жақсы. Мектепте өз алдына медбике қызметкерінің штаты қаралмаған. Мектеп басшылығы осы мәселенің шешу жөнінде ұсыныс айтты.