Билібай ауылындағы берекелі кездесу
Облыстан арнайы келген жұмысшы топ мүшелерімен бірге мониторинг жасау мақсатында Жаңақорған ауданы мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы Байкенже ауылдық округіне және Билібай ауылына барды.
Халық қалаулылары Байкенже ауылдық округіне қарасты Билібай елді мекендегі 1993 жылы салынған №255 негізгі мектептің жағдайымен танысты. Сыйымдылығы 100 балаға лайықталған, жалпы алаңы 545,76 м2. Мектеп ғимараты салынған уақытта спорт зал мен асхана, шеберхана бөлмелері болмаған. 2022 жылы мектептің сыртын сайдингпен қапталды. Білім ұйымында 2021 жылы химия, билогия кабинеттері жаңадан жабдықталған. мектеп басшылығы қосымша құрылыс ретінде Зерделеу барысында мектеп басшылығы 20 орындық асхана мен спорт зал құрылысын салу қажетігін жеткізді. 20 орындық асхана мен спорт залын салу үшін қазіргі таңда ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды берілгенін, аталған мәселе бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, тиісті рәсімдер жүргізілуде екендігін де жеткізді.
Жұмысшы топ мүшелері №255 негізгі мектебінен кейін Байкенже ауылындағы жаңадан бой көтеріп жатқан 150 орындық мектеп құрылысымен танысты. 2023 жылы бастау алған құрылыс қазіргі таңда ішкі жұмыстары 60 пайыз аяқталып, сыртқы жұмыстары сайдингпен қапталып жатыр. Мердігер «Әбу-Сер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.