№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Өзгент ауылындағы сәті түскен кездесу

Өзгент ауылындағы сәті түскен кездесу

Құрамында Жанкелді Ойшұлы, Аида Абибуллаева, Облыстық қаржы және экономика басқармасының бөлім басшысы Әбиева Шынар, Облыстық білім басқармасының маманы Демес Шалқар жұмысшы топ мүшелері Жаңақорған ауданы мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы бар аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге Өзгент ауылына барды.
Халық қалаулылары Өзгент ауылдық округіне қарасты 1992 жылы салынған №224 орта мектептің жағдайымен танысты. Сыйымдылығы 495 балаға лайықталған, жалпы алаңы 3370,4 м2. 2020 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткен. Білім ұйымында 2022 жылы химия, 2020 жылы билогия , 2018 жылы физика, 2020 жылы информатика кабинеттері жаңадан жабдықталған. 87 орындық асхана және бір спорт зал бар.
Мониторинг барысында 2021-2023 жылғы ҰБТ-дің ортақ қорытынды балл сандары сұралып, алдағы жылы ҰБТ-ге қатысу пайызы мен тест тапсырғандағы ортақ көрсеткішті арттыру керектігі айтылды. Сонымен қатар оқушы парталарының сапасын жаңарту қажеттігі айтылды.
01 наурыз 2024 ж. 129 0