Білім беру ұйымдарына бақылау жоғары
Құрамында Жанкелді Ойшыұлы, Аида Абибуллаева, Облыстық қаржы және экономика басқармасының бөлім басшысы Әбиева Шынар, Облыстық білім басқармасының маманы Демес Шалқар, Жаңақорған ауданы мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы, аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы бар аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге Жаңарық ауылындағы №167 мектеп пен "Бәйтерек" балабақшасына барды.
Білім алып жатқан оқушылардың жалпы саны 414 оқушы, оның ішінде сынып жиынтықтары 25 сынып .
Үлгілік оқу бағдарламалары 1-4 сынып–195 сағат, 5-9 сынып -432, 10-11 сынып- 182 сағат. Мектеп ғимаратының салынған жылы 1986 жылы 192 орындық болып салынған. Мектептің мультимедиа кабинеттері, компьютер сыныптары талапқа сәйкес, интерактивті тақтамен жабдықталған, интернетке қосылу мен оған тиісті қаржының игерілу жайы және олардың нақты жұмыс істеу жағдайы талапқа сай. Мектеп типтік спорт залмен, спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Мектеп асханасында санитарлық – гигиеналық талаптарға сәйкес, 1-4 сынып аралығында 117 оқушы, 5-8 сынып аралығында - 60 оқушы барлығы 177 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.Өз деңгейінде ҰБТ ға дайындық жүргізілуде. Өткен жылғы ҰБТ балы 74 пайыз.
Кадр жұмысының мәселесі толық қамтылған. Мұғалім мамандығы бойынша жүргізетін пәніне сәйкес келеді.
Облыстық маслихат депутаты Жангелді Ойшылұлы сөз алып оқушылардың білім сапасын көтеру және ҰБТ-дан жоғары балл алуға жұмыс жасау керектігін біздің мектепке міндеттеді. Алдағы уақытта соғылып жатқан жайлы мектеп осы оқу жылында берілетіндігін, ондағы жабдықталған материалдық техникалық базасы жоғары деңгейде болатынын айтып өтті. "Бәйтерек" бөбекжай бақшасы 1980 жылы салынған. 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Сыйымдылығы 70 бала.
2014 жылы жүргізілген күрделі жөндеуден соң балабақша жертөлесіндегі ыза су кетпеген. Қыс мезгілінде білінбейді, бірақ жан жағының бәрі канал болғандықтан жаз мезгілінде су қатты көтеріледі. Кей уақытта суды матормен тартып шығаратын кездер де болған. Ыза судың салдарынан бірінші этаждағы кіші Балбөбек тобының едені қыс мезгілінде жылымайды. Бұл жөнінде жатын бөлме, ойын бөлме, шешінетін бөлмелерге жылы еден (теплый пол) жасау жұмыстарына смета құжаттары жасалған. Алайда, құжат кері қайтарылды. Бұл мәселенің тек бала бақшаның емес, ауылдың проблемасы ретінде, маңыздылығын ескеріп, Жанкелді Ойшыұлы, ауылға дренаж орнату керектігін айтып, бөбекжайдың смета құжаттарын тез арада дайындап, ұсынуды ұсынды.