«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қосымша құрылысты қажет етеді

Қосымша құрылысты қажет етеді


Қызылорда облыстық мәслихатының Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес «Облыстағы орта және мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудің сапасы туралы» мәселелерді қарау үшін құрылған жұмысшы топ аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге Өзгент ауылдық округі, Ақсуат елдімекеніндегі №245 орта мектепке барып, білім сапасы мен санитарлық нормалардың сақталуы, оқушылардың білім деңгейі мен материалдық техникалық жабдықталуы барысын көрді.
№245 орта мектеп 1993 жылы басталып, бір жылға жетпей сол уақытта қаржы тапшылығына байланысты аяқталмай қалған. Мектеп құрылысы ары қарай ауыл тұрғындарының көмегімен асар арқылы аяқталып, 1995 жылы пайдалануға берілген. Мектептің қазіргі таңдағы жағдайы техникалық талаптарға сәйкес келмейді. Айтап айтсақ, едендердің тозығы жеткен, жылу қазандығы талапқа сай емес, физика және химия кабинеттері қажет, спорт залды жөндеу қажет, сыныптар тар, акт залы мен шеберхана жоқ.
Халық қалаулылары мектептің жағдайымен толық танысқан соң, қосымша құрылыс ретінде акт залы мен спорт залын салу және ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу қажетігін айтып, ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық білім басқармасынан қаржы сұрауды тапсырды.
01 наурыз 2024 ж. 190 0