Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылық қауіпті індет

Тұрмыстық зорлық-зомбылық қауіпті індет

Аудандық прокуратураның бастамасымен жергілікті атқарушы және полиция органдарымен бірлесіп профилактикалық бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижесін талқылауға байланысты кезекті ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбеков, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мерғалиұлы Ибраев, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Қалмұхаммед Жолмырзаұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Исабекұлы, аудандық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мектеп директорлары, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2023 жылы ауданда көлемінде құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігі, оның ішінде тұрмыстық зорлық - зомбылық фактілері бойынша алдағы уақытта атқарылатын іс шараларды талқылау.
Мәжілісті аудан прокуроры Дабыл Аянұлы ашып, ведомствоаралық мәжілістің регламенті бекітілді.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан прокурорының орынбасары Бауыржан Мейрамбекұлы Абдрашит баяндама жасап, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нұрдинов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Есенбаев проблемалық мәселелер бойынша есеп берді. 2023 жылы аудандық прокуратурасының бастамасымен құқық бұзушылықтарға қарсы профилактика жұмыстарын жүзеге асыру бағытында бірлескен іс шара жоспары бекітілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесімен жалпы қылмыс 1%, төмендеген (117/116). Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 100% (3/0) төмендеген, ал ауыр қылмыстар 37% (35/48) өсім алған.
Дегенмен, жекелеген қылмыстардың түрлері төмендесе, кейбір қылмыстар өсім алып, статистика жағынан теріс пікір туғызуда.
Атап айтқанда, алаяқтық 4% (22/21), кісі өлтіру 100% (1/0), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 67% (3/2), мал ұрлығы 63% (19/7), зорлау 100% (1/0), масаң күйде жасалған 59% (17/7), қоғамдық орында жасалған қылмыстар 23% (17/13) төмендесе, бопсалау 100% (0/12), ұрлық 30% (27/35), интернет алаяқтық 168% (23/8), есірткі қылмыстары 67% (6/10), жол көлік қағидаларын бұзу 25% (4/5), соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар 200% (3/9), топпен жасалған қылмыстар 200% (6/18) өсім алған.
2023 жылы "Есірткісіз аймақ" жобасы аясында құрылған жұмысшы тобымен бірнеше рейдтер жүргізу барысында есірткі өсімдіктерін егіп өсірген бір топ азаматтардың әрекеттері әшкерленгені атап өтілді. Мәжіліс қорытындысымен аудандағы бейне бақылау камераларының сапасына және оны аудандық полиция бөліміндегі бақылау орталығына қосу жөнінде тапсырмалар берілді.
09 наурыз 2024 ж. 224 0