№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖӘНЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖӘНЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аз ғана уақыттан соң кезекті жаңа оқу жылы басталады. Осыған орай аудан мектептерінің дайындығы қандай? Осы және білім саласындағы басқа мәселелер жөнінде бүгін кезекті мәжіліс отырысы өтті.


Аудан әкiмi М.Тлеумбетовтің төрағалығымен өткен мәжіліске аудан прокуроры Д.Аянұлы, мәслихат төрағасы Ғ.Сопбеков, аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Е.Жақсыбеков, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, кент, ауылдық округ әкiмдерi, білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде аудан мектептерінің жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындығы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралып, талқыланды.

Жаңа оқу жылына және жылу беру маусымына дайындық жұмыстары туралы аудандық білім басшысының міндетін атқарушы Ербол Әлменов егжей-тегжейлі баяндады.

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерзақ Жақсыбеков баяндады.

Мәжілісті қорытындылай келе, аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов жақын күндері мектептердің жаңа оқу жылына және қысқа дайындығы, «Мектепке жол» акциясы аясында жұмыстарды жүйелендіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
18 тамыз 2023 ж. 264 0