» » Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды



Бүгін Жаңақорған аудандық партия филиалының мәжіліс залында Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан көлемінде жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылықтың алдын-алу және ювенальды полицияның атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасау үшін сөз Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы Досанов Жасұлан Қалбергенұлв хабарлама жасап, аудан көлемінде ювенальды полицияның атқарған жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ераханқызы Ақниет аудандық білім бөлімі тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсе, Жастар Ресурстық Орталығы Жаңақорған аудандық бөлімінің аға кеңесшісі Мақсат Құлмырзаев осы мәселе бойынша біршама ұсыныстарын білдірді.
Шара соңында аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы алдағы уақытта аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі, аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды қолға алатындығын жеткізді.
26 қазан 2023 ж. 269 0