№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапалы білім, саналы тәрбие – қоғам алдындағы маңызды міндет

Сапалы білім, саналы тәрбие – қоғам алдындағы маңызды міндет



Бүгін аудандағы білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында білім саласының саласының күрделі әрі ауқымды мәселелері қаралды
Кеңейтілген мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудандық прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы, дербес бөлім басшылары, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі және әйелдер кеңесінің төрағалары, ата-аналар комитетінің өкілдері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары қатысты.
Маңыздылығы мол жиынды аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы модератор болып, бүгінгі білім беру жүйесінің өзектілігіне тоқталды.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек» деген болатын.Әрбір баланың «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығуында» мектептің жауапкершілігі жоғары!- деді.
Мәжілісте аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлы білім сапасын арттыру, тәлімді тәрбие беру жұмыстарының барысы мен ұстаздардың жаңашылдық бағытындағы инновациялық жұмыстары туралы баяндама жасады.
Мұнан соң, «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ибраев Нұрлан балалар мен жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығына қарсы жасалатын зорлық-зомбылық бағытындағы қылмыстардың алдын алу мәселелерін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, білім мен тәрбиені, оның ішінде отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы жайында ардагер Азия Қыстаубаева сөз алып, мағыналы әңгіме өрбітті.
Осылайша бүгінгі мәжілісте біршама ауқымды мәселелер көтеріліп, тиісті сала мамандарының, ата-аналардың баяндамасы тыңдалып, өскелең ұрпаққа сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру де байыпты шешуді қажет ететін өзекті мәселер талқыланды. Одан бөлек, аудандық полиция бөлімі кент, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыстарды күшейтілуі мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына бағытталуы керектігін алға тартты.
«Тәрбиесіз үйретілген білім – ақымақтың қолына қанжар ұстатқанмен бірдей» деген нақыл бар. Ендеше, ұстаз - тек білім беруші ғана емес, тәлім-тәрбие үйретуші де. Бала тәрбиесінде «Бала – ұстаз – ата-ана» үштігі әрдайым біркелкі, ұдайы байланыста жұмыс жасауы қажет. Осыны терең түсінгенде ғана біз тиісті мұратымызға жете аламыз» – деп жиынға қатысушыларды елдік істе бірлесе еңбек етуге шақырды.
14 ақпан 2024 ж. 241 0