№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ұлттық мектеп лигасы жеіспен оралды

Ұлттық мектеп лигасы жеіспен оралды

Қызылорда қаласында өткен 5-7 сынып мектеп оқушылары арасындағы "Ұлттық мектеп лигасында" Жаңақорған ауданының өрендері де оқ бойы озық шықты. Ұлттық мектеп лига жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру және ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғам өміріне белсене атсалысатын лидер, көшбасшыларды топтастыруды негізге алғаны белгілі. Осындай мақсатта ұйымдастырылған лига аясында № 161 мектеп баскетболдан және №193 мектеп волейболдан үздік танылып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ұлттық мектеп лигасы аясында өнер көрсеткен оқушыларды аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Шахизатұлы аудан мерейін үстем еткен жас спортшыларға қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

– Адал және жігерлі күш сынасуда жеңіске деген үміттеріңізді үзбеңіздер. Ұдайы шыңдалып, шеберлік пен машықты жинақтауға ұмтылыңыздар. Алдағы уақытта Туымызды әрдайым, әлемнің барлық аймағында жаңа жеңістермен желбіретіп, сіздерге аманат етер ең басты байлығымыз, біздің барша табыстарымыздың кілті – ел бірлігін сақтауға күш салуларуыңызға тілектеспін. Сіздердің әрбіріңіз спортшыға сай ерік-жігер мен қайсарлықтарыңыздың арқасында республикалық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік алдыңыздар. Осынау елеулі жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Біз тек қолдаймыз. Бұл жеңіс – өңіріміздің жастарына үлкен үлгі. Алдағы сайыстарда жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер, –деді.

Жеңімпаз командаларға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
04 наурыз 2024 ж. 163 0