№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар спортына серпін берді

Жастар спортына серпін берді


Соңғы жылдары денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәніне жіті көңіл бөліне бастады. Оған республикалық, облыстық және аудандық деңгейде «Ұлттық мектеп лигасы» құрылғаны дәлел болады. Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан Ұлттық мектеп лигасына аудандағы мектептер белсенді қатысады. Соның салдарынан аудандағы мектептердің үздіктері облыс құрама сапында өнер көрсетіп жүр. Былтырғы жылды Жаңақорған ауданы облыста екінші орынмен қорытындылады.


Иә, қазір спортпен шұғылданамын деген жасөспірімдерге үйірмелер мен спорт мектептерінің есігі ашық. Облыстық, республикалық жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғап келе жатқан жастардың бүгінгі белесі бір төбе. Әсіресе командалық ойындарда мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетуде. Ұлттық мектеп лигасы аясында өтетін шахмат, волейбол, баскетбол, гандбол мен футболдан аудан мектептерінің еңсесі биік. Әсіресе бұрымдылардың жетістігі жыл сайын жоғарылап келеді.
Осыған дейін алты спорт түрінен бақ сынап жүрген оқушылар енді тағы төрт спорттан сынға түспек. Асық ату, тоғызқұмалақ, бас асық және стретболдан оқушылар үздіктерді анықтайтын болады.
Бәсеке болған жерде спорттың деңгейі өседі. Оны жыл сайын өтетін Ұлттық мектеп лигасында байқаймыз. Бұл – ел спортының болашағына деген жарқын қадам деуге болады. Сондықтан болар Білім және ғылым министрлігі мен облыстық білім басқармасы осыны жіті бақылауға алды. Мұны аудандық білім бөлімі денешынықтыру және АӘД пәнінің әдіскері Қайрат Оралбеков те қуаттап, Ұлттық мектеп лигасының бұқаралық спорттың дамуында өзіндік үлесі барын айтты.
Айта кететіні, 2019 жылы Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы бойынша 42 мектеп арасында №52, №53 және №110 мектеп-лицейі табысты өнер көрсетіп, үздік үштікті өзара бөлісті. Бірнеше күнде басталатын бәсеке жылдағыдан жоғары болатыны анық.
Жалпы, жастар жылында футболдан республикалық сында Жаңақорғанның мерейі тасыды. Енді еріктілер жылында спорттың өзге түрлерінен үздік нәтиже көрсететініне сенеміз.

Әлібек ТЕМІРБЕК
11 қаңтар 2020 ж. 719 0