№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан спорты жылды қорытындылады

Аудан спорты жылды қорытындылады



2023 жылы аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша 68 дене шынықтыру ұжымдары халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қамтамасыз етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жастар мен жасөспірімдердің спортпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 39,1 пайызды құрады.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп ұйымдастыру. Осы бағытта жыл көлемінде 156 спорттық іс-шаралар, атап айтқанда, 45 ауыл-аймақтық, 79 аудандық, 20 облыстық, 9 республикалық және 3 ҚР чемпионаты ұйымдастырылып, оларға он екі мыңнан аса тұрғындар тартылды.
Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 1 стадион, 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 ипподром, 65 спорт зал, 4 тир ату бөлмесі, 41 ыңғайластырылған спортпен шұғылданатын қосымша бөлмелер, сондай-ақ 241 жазықтықтағы спорт құрылғылары, барлығы 371 спорттық нысандар қызмет көрсетуде.
Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылықтықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 спорт кешені пайдалануға берілді. Спорттық ғимараттардың барлығы қолжетімді және ақысыз түрде қызмет көрсетуде.
2023 жылдың қыркүйек айында Ақжол ауылында заманауи үлгідегі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді.
Мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде кент және ауылдық округтерде 29 штаттық бірлікпен спорт нұсқаушылары жұмыс жасауда.
Олар кент және ауылдық округтердегі спорт үйірмелерінің жұмыстарының қалыпты жұмыс жасауы мен ауылдардағы спорт залдарының бос тұрмауына септігін тигізуде.
Аудан орталығындағы 1 спорт клубы мен 2 олимпиадалық-резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 4 033 оқушы 31 спорт түрімен шұғылдануда.
Өткен жылы аудан спортшылары Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде иеленсе, Азия чемпионатында 1 алтын, 1 күміс жүлдемен Пара Азия ойындарының парадзюдо спорты бойынша 1 алтын жүлдені иеленді. Сонымен қатар, ҚР чемпионаттарында қазақ күресі, белбеу, самбо, дзюдо күрестері, гір спорты, қол күрес және волейболдан 24 алтын, 36 күміс және 37 қола медаль иеленді.
Сондай-ақ, 57 аудан спортшылары ҚР ұлттық құрама командасының сапына енсе, 45 спортшымыз облыстық құрама команда сапында өнер көрсетуде. Спорт түрлері бойынша 3 спортшы - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 9 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 39-спортшы – Қазақстан Республикасының Спорт Шеберіне үміткер, 81 спортшы – І-разрядты спортшы нормативін орындады.
Футболдан Жаңақорған ауданының «Сығанақ» құрама командасы 4 турдың қорытындысы бойынша облыстық біріншілікте 1-ші орын иеленсе, Қол добынан Жаңақорған ауданының құрама командасы әйелдер командалары арасындағы облыстық біріншілікте 2-ші орынды еншіледі. Волейболдан облыстық біріншлікте аудан құрама командасы 4 турдың қорытындысы бойынша әйелдер командалары арасында 3-ші орын, ерлер командалары арасында 1-ші орын иеленді. Баскетболдан облыстық біріншілікте ауданымыздың құрама командасы 4 турдың қорытындысы бойынша әйелдер командалары арасында 2-ші орынға, ерлер командалары арасында 3-ші орынға табан тіреді. Шиелі ауданында өткен «Алтын күз - 2023» ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасына қатысып, Жаңақорған ауданының құрама командасы 3-ші орынға тұрақтады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық спартакиадада Жаңақорған ауданының құрама командасы жүлделі 3-ші орынды иеленді. Астана қаласында өткен Ұлттық фестивальге ауданымыздан 45 спортшы облыс құрама командасының сапында өнер көрсетті.
Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жұмыс жасап жатқан спорт саласының барша қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Алар асуларымыз бен бағындырар биіктеріміз көп болсын!

Мәдениет және спорт саласының
баспасөз қызметі
06 қаңтар 2024 ж. 228 0