№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Дене тәрбиесінің үздігі

Дене тәрбиесінің үздігі


2019 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы 42 мектептің үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері марапат биігінен көрінді. Аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Қайрат Оралбеков ұйымдастырған шарада аудандық ұлттық мектеп лигасы мен оқушылар арасындағы күзгі дәстүрлі спартакиадада жеңіс тұғырынан көрінген педагогтарға құрмет көрсетілді.


Жалпы ұлттық мектеп лигасы ҚР білім және ғылым министрлігінің дене тәрбиесі орталығының директоры Садық Мұстафаевтың бастамасымен басталған болатын. Бұл сында Сыр өңірі былтыр жақсы нәтиже көрсетті. Спорттың алты түрінен өтетін мектеп лигасының республикалық сынында аймақ абыройын қорғаған аудандар жыл қорытындысымен өз бағасын алды. Бірінші орын Қазалыға бұйырса, екінші орыннан Жаңақорған ауданы көрінді. Жемісті жұмыстың нәтижесінде С.Мұстафаевтың «Алғыс хатына» Оразалы Тасболатов, Әділ Үпенов және Мұхтар Дүйсебеков ие болды.
Ал, облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» Марлен Юсупов, Маржан Кәрімханова, Біржан Бұлдырықов марапатталды.
– Ұлттық мектеп лигасы мектепішілік, аймақтық, аудандық, облыстық және республикалық болып бөлінеді. Спорттың алты түрінен өтетін оқушылар лигасында Жаңақорған ауданы былтыр жақсы нәтижемен қорытты. №125 мектептің оқушылары футболдан республикада чемпион атанды. Осының өзі аудан футболының келешегінің жарқын екенін көрсетеді. Енді 2019-2020 оқу жылынан бастап ұлттық мектеп лигасы спорттың 10 түрінен үздіктерді анықтайтын болады, – деді пән әдіскері Қайрат Пәйізұлы.
Енді ауданаралық лигадан үздік мектептерді атасақ. Айта кететіні, мектеп лигасы жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді. 5-6, 7-8 және 9-11 сынып аралығында ұйымдастырылады. Сонымен өткен оқу жылының қорытындысымен «Үздік мектеп», яғни бірінші орын Әбдіқадыр Тұрар басқаратын №52 мектепке бұйырды. Сүттіқұдық ауылдық округіндегі №52 орта мектеп спорттың барлық түрінен қатысып, жалпы командалық сында көштің басына шықты. Тіпті бұл мектеп оқушылары күзгі дәстүрлі аудандық спартакиадада үздік екенін дәлелдеді. Екінші тұғырдан №53 Романов атындағы білім ордасы көрінді. Нарымбет Көлжанов басқаратын мектептің оқушылары да спорттың барлық түріне қатысып, №110 мектеп-лицейді артта қалдырды.
Мұндай тұғырдан көрінуде бірлестік жетекшісі Мұрат Өмірбеков пен Нұрлан Дәуренбековтың еңбегі зор. Қос жетекші мен директорларға және пән мұғалімі Қуатбек Қыдырәліұлы мен Қалмаханбет Ергешұлына «Құрмет грамотасы» табысталды.
Шара соңында үздік төрешілер марапатталды. Волейболдан Талғат Әбуов, баскетболдан Әзіл Үпенов пен Айсұлу Омарова, футболдан Оразалы Тасболатов пен Біржан Иманбаев үздік деп танылды. Гандболдан Жалғас Ділманов, теннистен Нұрлан Дәуренбеков марапат биігінен көрінді.

Әли ТЕМІРБЕК

06 қаңтар 2020 ж. 924 0