Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚШ-та ковид тағы белең алды

АҚШ-та ковид тағы белең алды



Эпид ахуалдың ушығуына індеттің жаңа штаммының пайда болуы және маусымдық тұмау себеп болып жатыр.
АҚШ-та ковид қайта белең алды. Эпид ахуалдың ушығуына індеттің жаңа штаммының пайда болуы және маусымдық тұмау себеп болып жатыр, - дейді мамандар. Ауруханаларда маска тағу қайта талап етіле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz Qazaqstan.tv сілтеме жасай отырып. Қыс басталғалы ковид жұқтырып, ауруханаға түскен науқастардың қатары көбейген. Індеттің таралуын азайтуы үшін АҚШ емханаларының басым бөлігі бетперде тағуды талап етіп жатыр. Мамандардың айтуынша, жағдай былтырғыдай күрделі болмаса да, бүкіл ел бойынша жүз мыңдаған науқас ауруханаға төсегіне таңылып, мыңдаған адам көз жұмуы мүмкін. Себебі, маусымдық аурулар эпид ахуалды одан бетер қиындатып жіберді. Ковид пен қоса тұмаумен өзге де қысқы респираторлық вирустарға бей жай қарамауға болмайды. Олар әсіресе, созылмалы аурулары бар, жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдарда қауіпті. Тұмау тіпті дені сау адамды, жастармен балаларды да 48 сағат ішінде жедел жәрдем бөлмесінен бірақ шығаруда. Алайда, тұмауға қарағанда адам денсаулығына ковидтің салдары ауыр.
11 ақпан 2024 ж. 224 0