№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұмау өршіп тұр

Тұмау өршіп тұр

Тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымдық кезеңі қазан айынан басталып сәуір айы аралығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде маусымдық эпидемиялар кезінде тұмау вирусынан жыл сайын 250-500 мың адам қайтыс болады.


Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) барлық жұқпалы аурулардың 90%-н құрайды.
ЖРВИ және тұмаумен көбінесе балалар, қарт адамдар, жоғары тыныс алу жолдарының және бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, иммундық тапшылық жағдайы бар пациенттер жиі ауырады. Тұмау асқынуымен өте қауіптіпневмония, ангина, пиелонефрит, энцефалит, менингит, арахноидит, полиневрит, радикулит, тұмаудан кейін бронх демікпесі, созылмалы бронхит, жүрек-қантамыр аурулары, зат алмасуының бұзылуынан туындаған созылмалы аурулармен асқынады. Асқынулар мүгедектікке, ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Тұмау ауруының белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық ет, тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік. Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Тұмау ауруымен ауырған науқастар айналасындағыларға өте қауіпті, вирус сыртқы ортаға жөтелгенде, түшкіргенде бөлініп ауа арқылы жұғады, әсіресе балаларға жұғу қаупі жоғары.

Ауданда 2023 жылдың 9 айына Жіті респираторлық вирустық инфекциялар дертіне шалдыққан 3434 науқас емдеу орындарына қаралып есепке алынды, оның 977 науқас стационарлық жағдайда ем алған. Барлық есепке алынған науқастардың ішінде 91,2 % (3134) 14 жасқа дейінгі балалар үлесінде, оның ішінде 1331 жағдай 42,4 % бір жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 116 жағдай жүкті әйелдер арасында есепке алынған.

Алдын-алу шаралары: – көп адам жиналған жерде болмауға тырысу; – бөлменің ауасын жиі тазарту. – тұмауға қарсы екпе салдыру. Тұмау ауруының маусымдық мерзімі басталғанға дейінгі аурудың алдын алудың тиімді әдісі – вакцинация. Ол тұмауды жұқтыруды төмендетіп, оның адамдар арасында таралмауына көмектеседі.

Аудандық емдеу орындарына 2023-2024 жылға тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымдылығы алдында қауіпті топтағы адамдарға екпе жасау мақсатында 8860 доза тұмауға қарсы вакцина алынып, жиі ауыратын диспансерлік есепте тұратын балалар мен ересектерге, жүктіліктің 3 триместріндегі әйелдерге және медицина мамандарына екпе жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 6114 адам тұмауға қарсы екпе салдырды.

Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау және емделу шаралары: – науқас адаммен байланыста болмауға тырысу; – науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу; – инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу; – жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу қажет. Ең дұрысы, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігер шақыртып, мамандардың нұсқауына сай ем-шараларын қабылдауды ұмытпаңыздар.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялықэпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
25 желтоқсан 2023 ж. 401 0