№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцина алуға асығайық

Вакцина алуға асығайық

Санитарлық талаптардың қатаң сақталмауынан біздің ауданымызда да «COVID-19» қауіпті індеті қайта белең алуда, індет жұқтырғандар қатары да көбеюде. Сондықтан коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы – вакцина қабылдау.

Салынып жатқан «Спутник» немесе «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға септігін тигізеді, яғни вакцина қабылдау арқылы халық арасында инфекцияның одан әрі таралуын шектеуге болады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 18 жасқа дейінгілер және 65 жастан асқан кісілер, жүктілік және емізу кезеңіндегі әйелдер, сондай-ақ анализінде дәрілік препараттарға ауыр аллергиялық реакциясы бар пациенттер егілмейді. «Спутник V» вакцинасының басқа екпелерден ерекшелігі – оның екінші нұсқасы арада 21 күн өткен соң ғана салынады. Сондықтан, коронавирус инфекциясын алдын алу үшін мүмкіндігінше вакцина қабылдауға тырысайық. Вакцина құрамындағы компоненттер иммун реакциясын тудыратын ақуыз шығарады, осылайша организм вируспен күресуді үйренеді. Иммун реакциясын күшейту үшін вакцина 3 апта аралығымен екі рет жасалады. Салынып жатқан «Спутник V» немесе «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы – 18 градустан төмен температурада сақталады және қолданар алдында бөлме температурасында ерітіледі. Біздің ауданымызда да бүгінге дейін 1200 адамға вакцина егілді. Вакцина ерікті түрде жасалынады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы өзінің қауіпсіз екенін дәлелдеді, себебі бүгінге дейін егілгендер арасында екпеден кейінгі ауыр асқыну жағдайлары мүлдем тіркелген жоқ. Жыл соңына дейін ауданда барлығы 5249 адам егіледі деп жоспарлануда. Бүгін ауданымызға 3000 доза «Спутник V» және «Гам-КОВИД-Вак» ресейлік вакцина келді. Сондықтан, коронавирус инфекциясының алдын алуға асығайық! Вакцина салу күнделікті 8.00-18.00 аралығында жүргізіледі. Егер еріктілер қатары көбейіп жатса сенбі, жексенбі күндері де мамандарымыз жұмыс істеуге дайын. Келіңіздер, қауіптің алдын алуға ұмтылып, вакцина қабылдаңыздар!

Асқан ОТАРБЕКОВ,
ауданның бас эпидемиолог-дәрігері

01 мамыр 2021 ж. 1 131 0