Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жүрекке ауыры–сәбидің көз жасы

Жүрекке ауыры–сәбидің көз жасы



Дәулет ТҰРАБАЕВ, Жаңақорған аудандық Заң кеңесінің басшысы:
– Өткен жылдың қорытындысында ажырасу көрсеткішімен әлем бойынша екінші орынға жайғастық. Әрине, бұл көрсеткішті қасіретке балауға болады. Біздің ауданда да жағдай күрделі, 2045 жас аралығындағы әр бесінші адам «ажырасқандар» статусында. Бұның салдарынан 183 бала өгейліктің кебін киген. Заңгер болғандықтан осындай оқиғалардың бел ортасында жүрміз. Ажырасуға ниетті жандардың уәжі қасиетті дінімізде айырылысуға рұқсат еткен үш жағдайға да жатпайды. Дінде адал жары көзге шөп салса, немесе қарақан басын асырай алмайтын халге жетсе, немесе ата-анаға қиянат жасаса ажырасуға рұқсат беріледі. Біздің алдымызға келгендердің сылтауы кейде жаға ұстатарлық. «Күйеуім мәхір бермеді», «тон алып бермеді, алтын тақпадым», «айтқаныма көнбеді» деген көңілге қонбайтын талаптар алдымыздан шықты. Ал тым жақсы әйелінің қадірін білмей, болмашыны үлкен мәселе ететін ерлер де бар. «Үйді таза ұстамады», «Анасы араласады», «Төркініне бара береді» деген не сөз? Осындай майдашүйде кінәмшілдіктің жөнсіздігін ұқтырудан бөлек ағалық ақыл кеңесімізді беріп, тіпті, дін өкілдерінің насихатын тыңдауға жағдай жасап келеміз. Одан әрі заңдағы талаптарға сай бір ай көлемінде бірге тұрып көруге кеңес беріп, талай жастарды райынан қайтарып жүрген жайымыз бар. Соның өзінде де, ажырасу деңгейі төмендемей тұр. Өткенде болған бір жағдайды айтайын, 102-ге қоңырау түскен соң, оперативті топпен ұрыс болған отбасыға бардық. Үйге кіргенде алты баласы бар азамат әйел бала-шағасын тұрғызып қойып, төбелеріне пышақ лақтырып, әбден есін алған. Оны көршісі байқап, көмек шақырыпты. Жауыз әке жұмыссыз, әйелі еден жуушы екен. Бала-шағаның жәрдемпұлына әбден мастанып, жатыпішерге айналғаны көрініп тұр. Осындайларды көріп қарадай қаның қайнайды. Ер азамат түздің адамы емес пе еді? Табыс тауып, жан бағуды неге ойламайды? Уақытша қамаққа алып, жазаланғанымен, мұндай қатыгездер үйіне оралған соң, үйреншікті әдетіне қайта басады. Мұндай тұлғаларға заңды әлі де болса қатаңдату қажет-ақ. Екінші оқиғаны айтып өтейін. Жол апаты кезінде талай сұмдықпен бетпе-бет келесің. «Алланың ісі ғой, сабыр бере көр» деп қиналған көңілді сабырға шақырасың. Ал өз өміріне қолдан қасірет әкелгендерге ше?! Қазіргі ажырасу процесінде үйін, мүлкін, қаржысын бөліп беріп болған соң, баланың дауы басталады. Осындай кезде жанары жасқа толған, әбден психологиялық соққы көрген, тағдырына амалсыз төзген бейкүнә сәбилерді көргенде жүрегім шыдамайды. Бақытты балалықты сыйлаудың орнына, ең қымбат уақытын өксікке толтырып жүрген ата-аналардың өз перзентіне мейірмахаббаты жоқ па? Біз неге қатыгезденіп барамыз? Екі жасты қосуға ниетті жандардың да қарасы азайған. Ата-баба дәстүріндегі әулеттің жас отбасына ықпалы жүрмейтіні, ата-ененің көрегенділік танытуы, дос-құрдастың тоқтам салуға қарекетінің мүлдем жоқтығы біздің жұмысымызға улкен ауыр салмағын салып тұр дер едім.
11 ақпан 2024 ж. 201 0