№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Балалар мектепке барды

Балалар мектепке барды

Елдегі төтенше ахуалға байланысты  мектептің төбесін көруге ынтық болған  білімгерлерімізге алтын ұялары құшағын айқара ашып, 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқытуға рұқсат етілгендіктен сыныбына келіп, сүйікті ұстаздарымен қауышты. Жүздері бал-бұл жайнаған жас өркендердің қуанышын көруге біз де асықтық.

Көшенің сәнін кіргізіп, сөмкесін арқалаған  балақайдың бірі 4-сынып оқушысы Мадияр Қанатұлы «Тура бір жыл үйде отырып, онлайн білім алдық. Бұл бізге сабақты терең түсінуге көп кедергісін тигізді. Апайдың мейірімді шуағына, оның тәптіштеп түсіндірген сабағына ештеңе жетпейді екен», – дейді.
Алғаш рет қоңыраудың сыңғырымен сыныпқа асыққан жандардың жанарынан мерекенің шуағын сездік. Шәкірттерін сағынышпен қарсы алған №110 мектептің 4-сынып жетекшісі Ақдәме Сейтханова: «Шәкірттерімнің күнделікті жазған сағыныш хаттарын оқып, қашан бірге оқимыз деп уайым жейтінмін. Бір жыл бойы көрмеген балаларымның біршама бойлары өсіп, ақылдары толып қалыпты. «Алғыс айту» мерекесімен тұспа-тұс келген мектеп оқушыларымен көрісуіміз де жақсылықтың нышаны дер едім», – дейді.
Ауданда 1 наурыздан бастап дәстүрлі оқуға көшу жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовпен тілдескенімізде:
– Ауданда 23 мектепте 1-5 сынып оқушылары ғана дәстүрлі оқуға көшсе, 19 мектепте барлық сынып оқушылары білім алуда. Бұл мектептегі бала санына байланысты. Әрине, кейбір ата-ана балаларының киімі әзір еместігін ескертіп, уақытша үйде оқытуға тілек білдіруде. Бұл мәселені де біз назарда ұстап, баланың мектепке келуіне жан-жақты жағдай қарастырамыз, – деді.
Аудандық білім бөлімінің мәліметіне назар аударсақ, №161, №162, №164, №166, №180, №193, №195, №196, №208, №224, №239, №245, №247, №89, №84, №221, №242, №254, және №255 орта мектептерде барлық оқушы санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі білім алуға көшті. Сыныпта бұрынғыдай бір партада бір ғана оқушы емес, екі оқушыға отыруға ресми рұхсат етілді. Әрі ата-анаға қаржылық қиындық туындамасы үшін мектепте классикалық үлгіде киім киюге рұқсат беріліп отыр.
–      Балаларымыздың мектепте оқитыны жөнінде табанасты шешімнен дағдарып, оқушы формасының қиындық туғызғаны рас. Осыны ескерді ме, классикалық кез-келген киім киюге рұқсат бергенін естіп, көңіліміз орнына түсті, – дейді көп балалы ана Қарлығаш Жантұрсынова.
Ал, эпидемиологиялық жағдайға байланысты 300-ден жоғары оқушысы бар білім ордаларының 1-5 сынып, 9-11 сыныптары ғана дәстүрлі оқуда. Қалған сыныптар қашықтан білім алуын жалғастыра береді.
Мақпал МАРҚАБАЙ
---
10 наурыз 2021 ж. 552 0