Соңғы жаңалықтар

№10 (8824) 8

08 ақпан 2025 ж.

№9 (8823) 4

04 ақпан 2025 ж.

№8 (8822) 1

01 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » Білгенге маржан

Білгенге маржан

Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілеріменсипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген,түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.


Тұмаудың белгілері мыналар - тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусымен түр - түріне бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10 күнге дейін созылып қайта өрбіп асқынып кетуі мүмкін. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып
(отит, гайморит) ауруларына айналады.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болса:
1. Үйде қалыңыз;
2.Төсек режимін сақтаңыз;
3. Бөлменікүніне 2 рет таза ауамен желдетіңіз;
4. Мұрыннан су аққанда, жөтелгенде, медициналық демперде киген жөн;
5. Сусын, шай, шырын түрінде сұйықты көп ішіңіз;
6. Жекебас тазалығын сақтаңыз;

Жіті респираторлық вирустық инфекция және басқа да вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары
1. Үйден шығарда мұрныңыздың ішіне оксалин жақпасын жағыңыз;
2. Адамдар көп жиналған жерден аулақ болыңыз;
3. Сұйықты көп ішіңіз, таза ауада көп жүріңіз;
4. С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолданыңыз;
5. Халық емін қолданыңыз (пияз, сарымсақ).
03 қараша 2023 ж. 532 0