№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Табиғатты тану танымды арттырады

Табиғатты тану танымды арттырады


Қоршаған ортамен танысу, табиғатты аялау, жалпы экологиялық ахуалды дұрыс қалыптастыру мақсатында жуырда «Ай-Ханым» бөбекжай балабақшасында «Мені қоршаған әлемнің ғажайыбы» атты аймақтық семинар ұйымдастырылды.


Алдымен аудандық білім бөлі­мінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Бекжан Есенбаев пен білім бөлімінің МДҰ әдіскері Пати­ма Тұртанова семинарды ашып, сәттілік тіледі. Одан кейін танысу тренингі өткізілді. Тренингті әдіскер Назерке Нұрқожаева жүргізіп, мол мағлұмат бере алды. Әрі қарай балабақшаның тәлімгерлері мен тәрбиеленушілері жалғады. Ортан­ғы топпен ұйым­дастырылған «Табиғат – біздің ана­мыз» тақырыбында жұмысы сәтті өрбі­ді. Тәрбиеші Гүлзира Токимова тақырыпты ашып, көрермендерге жеткізе білді.
«Бәйтерек» ересектер тобының «Су асты әлеміне саяхат» атты тақырыбы да қызықты әрі мағына­лы түйінделді. Тәрбиеші Жан­сая Қасымованың жетекшілігімен өт­кен саяхат тақырыбында балалар көп нәрсені ойға түйді. «Paint» бағдарламасы бойынша тәрбиеші Әсел Әділбек семинарды түйінде­ді. Жалпы әлеусеттік эмоционал­ды дағдыны қалыптастыру, «Wordwall», «Quiver», «Электровиктори­на», «Диайдинейросеті» сынды жаңа технологияларды меңгеруді көздеген семинардың берері мол болды.
Сұрақ-жауап, ұсыныс-пікірлерден соң балабақша меңгерушісі Рабиға Оспанова семинарды қорытындылап, қатысу­шыларға алғыс айтты.

Жәмила ЕРМАХАН

07 ақпан 2024 ж. 371 0