Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 43 мектептің басын қосқан семинар

43 мектептің басын қосқан семинар



Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 30 қараша күні "Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі" тақырыбында №213 орта мектебінде аудандық әдістемелік-тәжірибелік семинары өткізілді. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Н. Аширова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Нұрмұхамбетова мен мектеп директорының міндетін атқарушы М. Камалова сөз сөйлеп ашып, сәттілік тіледі. Семинарға білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Критериалды бағалау жүйесін практикада қолдана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал жасау; оқыту сапасын жақсарту үшін критериалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру, тиімділігін көрсету
Семинардың барысы мектебіміздің білікті маманы, қолөнер шебері Ә.Айдаровтың шығармашылығынан жасалған көрмеден бастау алды. Мектебіміздің "Аналар" клубының ұйымдастыруымен семинар қатысушыдарына мектеп тарихы мен қалыптасқан дәстүрлерін арнау өлеңі арқылы жеткізді. "Мектеп жұмысы мен оқушы жетістігі-мектептің бейнесі» тақырыбындағы көрмемен таныстырылым мектебіміздің екінші қабатында жалғасын тапты. Көрмеге жиынтық бағалау кестелері, модерация хаттамалары, пән мұғалімдері жасаған жиынтық бағалау жұмыстары, формативті бағалаудың әртүрлі әдістері қойылды.
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбында Бүрлібаева Балжан тренинг өткізсе, Данембаева Гүлназ «Критериалды бағалау - сапалы білім өлшемі» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, қатысушыларды төрт топқа бөліп алды. Бөлінген топтар
семинар жұмысында «Түбір мен қосымшаның жазылуы. 40-43 жаттығулар» тақырыбында қазақ тілі пәнінен Дүйсенбаева Ақмарал Әбдіғаппарқызы, «Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер» тақырыбында физика пәнінен Әкімбаев Бауыржан Әбдіқадырұлы, «Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары. Зәр шығару жүйесінің гигиенасы» тақырыбында биология пәнінен Қаржауова Назипа Сенбекқызы, «Тарихи сауаттылыққа негізделген критериалды бағалау» тақырыбында тарих пәнінен Ереханова Зейнеш Төреханқызы ҰБТ-ға байланысты кіріктірілген сабақтарына қатысты.
Семинар соңында тарих пәні үйірмесінің жетекшісі А.Әбсаттарованың дайындығымен «Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл «Жусан иісі» шығармасынан үзінді» тақырыбында театрландырылған қойылымды үйірме мүшелері сахналады.
Қорытынды кезеңінде семинарға қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, ой пікірлерін ортаға салды.
02 желтоқсан 2023 ж. 239 0