№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол қозғалысын ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жол қозғалысын ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жаңақорған аудандық сотымен азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.
Сотта анықталғандай өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға А. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып,  өзінің басқаруындағыавтокөлігімен жол жиегінде орналасқан электр бағанына соғып, жол-көлік оқиғасын жасап, жәбірленуші «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» КММ-не мүліктік залал келтірген, яғни ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған. 
Сот отырысында өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға А. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, жәбірленушіге келген мүліктік шығынды орнына толықтай қалпына келтіргенін көрсетті.
Жаңақорған аудандық сотының қаулысымен А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған 42882теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.  
31 қаңтар 2024 ж. 206 0