№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жаңақорған аудандық сотымен азамат Ш-ке қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес азамат Ш. 2020 жылдың 1 қазан күні сағат 14:40 шамасында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, өзінің басқаруындағы «Volkswagen Golf» үлгісіндегі, мемлекеттік белгісі 580 AFZ 11 автокөлігімен Шымкент-Самара тас жолында жүріп келе жатып, басқару жүйесіне игере алмай, жол ортасын бөліп тұрған «Қазақавтожол» ЖШС-нің теңгеріміндегі темір қоршауды соғып жол көлік оқиғасын жасап, соңғыға мүліктік шығын келтірген, яғни ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға Ш. кінәсін толық мойындап, істегеніне өкінетінін, жәбірленушіге келген мүліктік шығынның орнын толықтай қалпына келтіргенін көрсетті.
Жаңақорған аудандық сотының қаулысымен Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге айыппұл салынды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
10 қараша 2020 ж. 780 0