Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ереже бұзғаны үшін айыппұл салынды

Ереже бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жаңақорған аудандық сотымен азамат Р-қа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес азамат Р. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, өзінің басқаруындағы автокөлігімен жәбірленуші «Шалқия Цинк ЛТД» Акционерлік қоғамының теңгеріміндегі «HYUNDAI COUNTY» үлгісіндегі автокөлігіне соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасап, мүліктік залал келтірген, яғни ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға Р. кінәсін толық мойындап, істегеніне өкінетінін, жәбірленушіге келген мүліктік шығынның орнын толықтай қалпына келтіргенін көрсетті.
Жаңақорған аудандық сотының қаулысымен Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге айыппұл салынды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
23 қаңтар 2021 ж. 761 0