№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дала жұмысына дайындық қалай?

Дала жұмысына дайындық қалай?


Егін саласын әртараптандыру бағытында былтыр жаңақорғандық диқандар жақсы нәтиже көрсете білді. Биыл да осы бағытта жүйелі жұмыс жасауды жоспарлап, нақты межені айқындауда. Әсіресе, суды аз қажет ететін дақыл түріне басымдық беріп, өнім көлемін көбейтуді көздеп отыр. Ерте көктемнен дала жұмысына білек сыбана кірісетін шаруалардың дайындығын пысықтап алуды жөн көрдік.


Өткен аптада ҚР Үкіметінің агроөнеркәсіп кешені туралы кеңес отырысында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайту жөнінде тапсырма берді. Кеңес отырысында облыс әкімі Нұрлы­бек Нәлібаев ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа осы бағытта өңірде атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Өңірде әртараптандыру бағытында би­ыл­дың өзінде күріш алқаптарын 5 100 гектарға қыс­қартып, мал азығы болатын дақылдар мен көкө­ніс, бақша егісі көлемін көбейту жоспарлану­да. 2028 жылға қарай күріш көлемі 72 мың 200 гектарға дейін оңтайландырылады. Су үнем­деу технологиясымен егілетін мал азығы және жүгері, көкөніс, бақша дақылдарының көлемі 47 мың 300 гектарға ұлғаяды. Күріштің егіс көлемі азайғанмен, агротехнологияларды қатаң сақ­тау, минералды тыңайтқыштарды өз деңгейін­де пайдалану, тұқым сапасын жақсарту, жаңа сорттарды өндіріске енгізу арқылы өнімділігін 20-25 пайызға дейін арттыруға толық мүмкіндік бар. Осының есебінен жыл сайын 450-460 мың тонна күріш өндіру көзделуде. Бұл еліміздің күрішке қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және экспорттық әлеует сақталады. Егісті әртараптандыру, агротехнологияларды жақ­сарту шаралары жеңілдетілген несиелендіру, субсидиялау секілді мемлекеттік қаржылай қолдауды қажет етеді. Дайын жобаларымыз бар, – деді аймақ басшысы.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақыл­дарының болжамды егіс көлемдері 187,0 мың гектарға жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 3,7 мың гектар күздік бидай егуді және 50,6 мың гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті. Биылғы жылдың егісіне облыс бойынша 938 тонна жаздық бидай, 736 тонна күздік бидай, 49 тонна арпа, 11 тонна тары, 65 тонна дәндік жүгері, 5 тонна күнбағыс, 105 тонна мақсары, 14 тонна соя, 21,8 тонна сүрлемдік жүгері және 298 тонна жоңышқа тұқымы құйылды. Облыс бойынша күріштің 21 304 тонна күріш тұқымы құйылды. Облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысы осылай мәлімдеді.

Әли ТЕМІРБЕК
30 қаңтар 2024 ж. 277 0