Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау жүзеге асуда

Ата-аналарды педагогикалық қолдау жүзеге асуда



Қ.Р-сы оқу ағарту министрлігі ұсынған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» жоспары бойынша 8а-сынып жетекшісі,информатика пәнінің мұғалімі Ш.Мұстафаеваның ұйымдастыруымен «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері,жасөспірімнің желідегі әрекеті» тақырыбында Ата-аналармен тренинг сабақ өтілді.
Басталу барысында ата-аналарға алғыс айтылған шарлар таратылып,сол бойынша тренингтен алған әсерлерін айту керек болатын.Ақпарат маманы болуына байланысты видео-роликтер көрсете отырып қәзіргі кезде көбіне жалған ақпарат көбейіп кеткенін,кім болса да өтірік,арандату әрекеттері,нешетүрлі қауесеттер таратылатынын,оның барлығына сене беруге болмайтынын ата-аналарға ұғындыра білді.Тіпті ел мен жерге байланысты да саяси ақпараттың да жалған түрлерін атады.Осындай мысалдарды келтіре отырып,қарапайым халықтың күн сайын бір фейк-ньюстің құрбаны болатынын жеткізді.Сондықтанда әрбір ата-ана интернет желісінде сауатты болу керектігін ұғындырды.Интернетті қауіпсіз пайдалануға арналған арнайы он кеңеспен жан-жақты таныстырып өтті.Балалардың «буллинг,кибербуллинг» сияқты зиянды сайттардан аулақ болуын роликтерді көрсете отырып ұғындырды.Әр ата-ана өз үйінде электрондық құрылғылар,гаджеттер қолдануға шектеу орнатуын,оның маңыздылығын балаларға айтып,белгілі уақыт болу керек екенін түсіндірді.Ойын ойнау кезінде де балалардың жас ерекшеліктерін ескеру керек екенін ұғындырды.топ болып атыс-шабыс тағы сол сияқты әрекеті бар ойындардан аулақ болу керек екенін көрсетті.Жас ерекшелігіне байланысты ұлттық құндылықтарды насихаттауда қазақы ертегілер,өзіміздің елге танымал белгілі тұлғаларды тануға әрекеттеуге шақырды.Әлеуметтік желіде балалардың жеке суреттерімен бөліспеуін атады.Өйткені ол таралу арқылы балаға кері әсер беретінін жан-жақты ұғындырды. «Сиқырлы есік» бөлімінде ата-аналарға қабырғада орналасқан өз ұл-қыздарының көздері бейнеленген суреттерін тануды ұсынды.Сонда орналасқан сұрақтарға жауап берулерін сұрады.Мысалы «Балаңыздың ұялы телефонының бетіндегі құпия сөзді білесіз бе?» «Балаңыз қандай ойындарды ұнатады немесе ойнайды» «Тік-Ток желісіндегі аккаунт адресін білесіз бе?» «Балаңыздың ең көп қолданатын приложениесі?»және т.б.сұрақтар болды. «Сергіту» сәтінде ата-аналар бірінен соң бірі тұрып,алғашқы кісіге шар беріліп,артқа қарай беру арқылы тек саусақтармен жұмыс істеп шарды жерге түсірмеу тапсырмасы берілді.Ата-аналар бұл тапсырманы дұрыс орындай білді.Ұғындыру барысында шар бала деп есептеліп,оған ұқыптылықпен қарап тәрбиелеу, баршамыздың міндетіміз екені айтылды.Қорытынды бөлімде тренинг басында берілген шарлардағы «алғыстар» оқылып сабаққа қатысқан әрбір ата-ана бүгінгі тренингтегі алған әсерлерін бөлісті.Сынып жетекшіге алғысын айтып ұялы телефондағы,компъютердегі көп нәрселерді білмейтіндерін,көп нәрсені ұғынғандарын шынайы түрде жеткізді.Сынып жетекші Ш.Мұстафаева бүгінгі сабақты қорытындылай келе,кезінде интернетті қолдануға үйренсек,енді сол интернеттен қорғана да білу мақсатымыз деп келген ата-аналарға ерекше алғысын білдірді.Ия.Қәзіргі болып жатқан бұзақылықтың көбісі ғаламтор арқылы келетінін барлығымыз жақсы білеміз.Аз уақытын ғана мектепте өткізетін жасөспірімге Ата-ана қадағалауы дәл қәзіргі кезде бірінші кезекте болу керек.Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» «Даналық мектебі» бағдарламаларының мектеппен Ата-ана байланысын арттыруда маңызы зор. Оның жоспарында «Ұлттық құндылықтар» кең көлемде насихатталады.
А.Бижикеев 
А.Әділов атындағы №86 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
28 қаңтар 2024 ж. 521 0