Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мамандық – келешек кілті

Мамандық – келешек кілті


Жақсы маман, білікті де білімді маман еліміздің, қоғамымыздың дамуында, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, мемлекетіміздің тұғырының биік болуында, елдің экономикалық жағынан өркендеуінде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әр маман өз ісінің білгірі болса, мәселен, дәрігер қабылдауына барған адамға дұрыс диагноз анықтамасын қоя алса, мұғалім алдында отырған оқушының мектеп қабырғасының өзінде тұлға болып қалыптасып, білім кірпішін мектепте нықтап құйып берсе, біліммен бірге өмір сүру дағдыларын, қабілеттерін дер кезінде шыңдай алса, тағы да сол сияқты түрлі маман иелері өз кәсібін, мамандығын өрге сүйресе, міне, сонда нағыз өз мамандығының иесі деген атқа лайық бола алады.


Ал сол қоғамның, еліміздің бетке ұстар діңгегі, болашағымыз жастар өз мамандығын қалай таңдап жүр? Оларға осы жолда көмек қолын созатын кімдер? Олардың қабілет-қарымын, бойындағы дарыны мен табиғи болмысын зерттей білетін – адам жанының инженерлері кімдер?

Өмірлік маңызы үлкен осы тақырыпты мақсат ете отырып, №110 мектеп-лицейде мек­теп директорының кәсіптік бағ­дар жөніндегі орынбасары Ербол Мұсабай "Мамандықтың бәрі жақсы, дұрыс таңдай біл" тақырыбында 11 сынып оқушыларының арасын­да кездесу ұйымдастырды. "Ондағы басты мақсатым – өмірде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін ең алдымен мамандықты дұрыс таңдау, әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді бірінші орынға қою, ізгі­лік, қарапайымдылық, еңбекқорлық, ізденгіштік, отансүйгіштік қасиеттерді жас жеткіншектердің бойына сіңіріп, жүрегінің түбіне бойлату болды"- дейді Ербол Серікұлы кездесудің мақсаты жайында.

Сонымен қатар тәжірибелі ұстаз әрі мектеп директорының кәсіптік бағдар бер жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы кездесу барысында оқушының алдағы өміріне бағыт беру, оның дарыны мен қабілет-қарымын дер кезінде бағамдап, шәкіртті сол өзі бейім пәннің негізінде сол мамандық­қа жетелеу, зердесіне енгізу – бұл үйдегі ата-ананың да, сонымен қатар мектеп қабырғасындағы ұстаздардың да бірден бір атқаратын міндеті­не жататындығын, талай ғалым, дана­ларымыз, данышпандарымыз бен ойшылдарымыз, өнертапқыштары­мыз бен халықтың қалауынан шы­ғып отырған ардақты азаматтар мен азаматшаларымыз осындай білім ордаларынан шығып тәрбиеленгенін ұмытпауымыз керектігін де тілге тиек етті.

Әр мұғалім, әр ұстаз-мықты психолог, оқушы жанының инженері бола білуі керек, оның жан дүниесін ұғынып, қай сабаққа бейім екендігін 5-6 сынып оқып жүрген кезінде-ақ дөп танитындығын, тіпті кейбір оқушыларды бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінен танитын мықты ұстаздардың бар екенін де назардан тыс қалдырмады. Демек, жақсы ұстаз шәкіртінің жүрегіне тек біліммен ғана нұр құймайды, болашақ өміріне бағыт-бағдар беріп, мамандығының шамшырағы да бола алады. Яғни ұлағатты ұстаздар оқушының алдағы өмірінің бағдаршамы да, жұлдызының жарқырап жануына да үлкен себепкер тұлға бола біледі. Ол үшін ұстаздарға үлкен еңбек, ізденімпаздық пен адалынан төгілетін маңдай тер, өз білімінің сан қырын оқушыға танытып қана қоймай, көкірегіне адалдық пен адамгершіліктің дәнін еге біле­тін адами қасиеттер де молынан қажет екендігін білімді ұстаз бүгінгі кездесуде айқындап берді.

Бүгінгі маңызды кездесуге Жаңа­қорған ауданына ғана емес, бүкіл Қазақстан аумағына өзінің әзілкештік КТК өнерімен танылып, талай әзіл ордаларында жүлдегер атанған жас талант, ерекше астармен жеткізетін жастардың көшбасшысына айналған Есқара Бейбітовты арнайы шақырып, ол жастарға арнаған өзінің керемет ойларымен бөлісті, ән жырлары­нан шашу тартуды да ұмытқан жоқ. Сонымен қатар кездесуге осы мектептің жоғары оқу орнында оқып жатқан мектепті үздік бітірген белсенді түлектер де қатысып, мектеп оқушыларымен осы тақырып аясында ой бөлісті, оқушылар қойған сұрақтарға жауап беріп, сыр бөлісті. Мұндай маңызды кездесулер жас жеткіншектердің мамандықты дұрыс таңдауына, қоғамға қандай мамандықтардың қажет екендігіне көз жеткізіп, ерекше әсерленіп, халық үшін қызмет жасайтын білікті мамандардың қалыптасуына үлкен септігін тигізері анық.

Мақпал МАРҚАБАЙ



23 қаңтар 2024 ж. 233 0