Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот төрелігі әділетті қоғамның айнасы

Сот төрелігі әділетті қоғамның айнасы



Әділетті қоғам құру жолында сот саласының атқарып жатқан жұмысы аз емес. Даулы мәселелерде қос тараптың бір мәмілеге келіп, татуласуына жол ашқан сот төрелігі қашанда қоғамның айнасы. Аудандық сот БАҚ өкілінің қатысуымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС НЕГЕ АРТТЫ?
Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева бір жыл бойы атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде аталған мерзімде барлығы 114 адам қатысқан 70 қылмыстық іс, 892 азаматтық талап қою, 32 азаматтық іс, 45 әкімшілік іс, 669 тұлғаға қатысты 669 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тіркелген. Ақиқатын айту керек, аудан төңірегінде қылмыстық іс жыл сайын артып келеді. 2022 жылы 44 қылмыстық іс тіркелсе, 2023 жылы 70 іс сот алдында қаралды. Қылмыстық іс бойынша, 81 адамға қатысты 66 істің 54 ісі бойынша, 66 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды, 10 қылмыстық іс тоқтатылды, оның 9-ы медиация заңымен тоқтатылды. Ал, есірткі затының заңсыз айналымына байланысты 10 қылмыстық іс түсті, 9-ы бойынша үкім шығарылды. Тарқата айтсақ, 4 адам бас бостандығынан айрылса, 2 тұрғын 30 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалап, 3 адам қоғамдық жұмыстарға тартылса, бір іс соттылығы бойынша жолданды. Қуантарлығы, жыл көлемінде сыбайластық жемқорлық құқық бұзушылық санатында қылмыстар және касациялық алқада қылмыстық істер қаралмаған. Процессуалдық мерзімдері бұзылып, яғни 6 айдан астам уақыт қаралған іс болмаған. Бұл жөнінде сөз еткен сот төрағасы Алия Түбекбаева: – Аудан төңірегінде қылмыстық істер көлемі артуда. Бұған негізгі себеп тұрғындардың тұрмыстық жағдайы әсер беруі мүмкін. Көрсе қызарлық, сұғанақтықтың арты үлкен дауға айналып, сот залында жауап беруге итермелейді. Біз қос тарапты да тыңдап,сотқа дейін татуласуға, бір келісімге келуге жұмыс жасадық. Нәтижесінде, 8 іс адвокаттардың араласуымен, 10 іс соттың араласуымен бір келісімге келді, – дейді ол.
АЗАМАТТЫҚ ІС ТЕ АЗАЙМАЙ ТҰР
Өткен жылы 892 талап қою арызы тіркелген. Оның 58-і қалдыққа қалған, 32-і азаматтық іс жаңадан сотқа түскен. Жыл көлемінде 671 талап қою бойынша азаматтық іс қозғалып, оның 116- на сот бұйрығы, 437 іс бойынша шешім шықты. Ал, 7 арыз қабылдаудан бас тартылған. Шешім шыққан істердің 418-і қанағаттандырылған. Медиация заңын қолданып, 147 іс қос тараптың татуласу келісімі бойынша, 8 іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасауына байланысты тоқтаған. – Сот жүйесінде жүзеге асырылып жатқан тараптардың татуласу тетігі жылдан-жылға дамытылып, сотқа дейін бір келісімге келуі үрдіске айналып келеді. Медиаторлар, адвокаттар, судиялар да осы бағытта айтарлықтай іс атқарып, аудан халқына құқықтық көмек көрсетіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан «Татуласу, сотқа дейін, сотта» жобасы аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға септігін тигізуде. – дейді сот төрағасы Алия Түбекбаева.
ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СИПАТЫ
Аудандық сотта көп қаралатын тақырыптың бірі – әкімшілік актілеріне дау айту. Осы бағытта 45 арыз-шағым түссе, 38-і жер дауы, 3-і округтік сайлау коммиссиясының хаттамасын заңсыз деп тану жайлы шағым, 2 жеке сот орындаушыларының әрекетіне дау айту, 1-еуі комиссия хаттамасына шағым айту мәселесі қаралды. Жыл соңына дейін 44 іс аяқталды. БАҚ құралдарымен тығыз жұмыстар атқарылып, телеарна арқылы сұхбаттар беріліп, тұрақты түрде аудандық сотта «Ашық есік» шарасы өткізіліп, құқықтық ағарту бағытында мемлекеттік мекемелермен семинар сабақтары мен дөңгелек үстелдер өткізілген. Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы міндетін атқарушы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға байланысты барлық іс-шаралар қарастырылатынын түсіндірді.
ТҮЙІН. Халықтың мүддесін жоғары қоятын, еліміздің зайырлы, демократиялық әрі әділетті қоғам құруда сот төрелігін жүзеге асыру қашанда өзекті. Биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесінің негізгі мақсаты әр адамның конституциялық құқығын қорғау мен бостандықтарын сақтау. Осы ретте, аудандық сот ісінің жүйелі жұмысы бейбітшілік пен татулыққа жол көрсетіп отырғанын сезіндік.

Мақпал Пәтенова

13 қаңтар 2024 ж. 227 0