Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2024: Жоспар мен меже

2024: Жоспар мен меже



2023 жыл аудан экономикасы мен әлеуметтік саласы үшін табысты жыл болды деуге толық негіз бар. Аудан бюджеті еселеніп, инвестиция көлемі артты, алдымен инфрақұрылым жаңғырып, әр салада серпін байқалды. Сондайақ, әлеуметтік нысандар көбейіп, халықтың талап-тілегі кезеңкезеңімен орындалуда. Қысқаша қайырғанда, қоян жылы аудан үшін толайым табыстарға толы болды. Енді биылғы жылдан да күтеріміз көп. Жылдың басында аудан бюджетін бағдарлап, қандай жұмыстар атқарылатынын зерделеп көрдік.
«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюжет туралы» аудандық мәслихат шешімі жобасына мән бердік. Ол үшін аудандық экономика және қаржы бөлімінің есігін қақтық. Біз құнды құжат ішінен нақты атқарылатын жұмыстарды жүйелеп алдық. Кіріс көздері емес, шығындарды жазуды жөн санадық. 2024 жылға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерден бастайық. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне «Жаманбай батыр ауылдық округінде ағымды суару жүйелерінің құрылысы» жобасына, Жаңақорған ауданында бройлер өсіретін құс фабрикасының электрмен жабдықтау сыртқы желілер құрылысы жобасына, Келінтөбе ауылында спорттық кешеннің құрылысы жобасына, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб үйі ғимаратының құрылысына, 5 елді мекендегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасына қомақты қаржы қаралуда. 5 елді мекеннің ішінде Манап, М.Нәлібаев, Әбдіғаппар, Құттықожа және Сунақата елді мекені бар.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiне Төменарық елді мекенінің жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын және кент ішіндегі газ тарату желілерін салу жобасы, Жаңақорған кентінің кеңейтілген аумақтарына кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы жобасы, Келінтөбе елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жаңғырту жобасы, қолданыстағы «Жаңақорған» АГТС-ті жобалау қуаты 20 000 нм3/сағаттан 40 000 нм3/сағатқа дейін кеңейту жобасына, бройлер өсіру бойынша құс фабрикасын газбен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу жобасы жоспарда қаралған.
Сондай-ақ, 4 елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) жобасы да биылғы жылдың еншісінде. Бұл тізімге Қандоз, Жаңарық, Тақыркөл және Бірлік елді мекені кіреді. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiне Жаңақорған ауданының Нақыпов көшесі №17 көпқабатты тұрғын үйіне күрделі жөндеу жобасына 34 млн 730,0 мың теңге қаралуда. Экономика және қаржы бөлiмiне мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер бөлінген.
                            ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛЕТІН НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕР
Өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету, санаторлы-курорттық емделу қызметін алатын мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушілердің шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмекке қолдау көрсетілуде. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға облыс тұрғындары арасында діни ағартушылық жұмыстарын жүргізу" әлеуметтік жобасын іске асыруға, Жаңақорған кентінің бас жоспарына түзету енгізу, Келінтөбе, Қожакент, Шалқия, Төменарық ауылдық елді мекендердің дамыту және салу схемаларына түзетулер енгізу, «Қаратау-1» мөлтек аудандағы 400 гектар және «Қаратау-2» мөлтек аудандағы 280 гектар учаскелеріне егжейтегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жобасы қаржыландыратын болады. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру аясында елді мекендердегі 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңақорған кенті, А.Иманов және Ы.Алтынсарин көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары, сол секілді О.Ильясов пен М.Жаппаров көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралуда.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөліміне Жаңақорған кентінің кеңейтілген аумақтарына кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы жобасын қоса қаржыландыру, Сүттіқұдық ауылындағы су құбыры желісін салу және су тарату құрылыстарын қайта жаңғырту, 4 елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасын қоса қаржыландыруға 120 млн 738,0 мың теңге бөлінеді. Ішінде, Қандөз, Жаңарық, Тақыркөл және Бірлік елді мекені бар. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне «Қожамберді ауылындағы су құбыры желісін салу және су тарату құрылыстарын қайта жаңғырту» жобасын қоса қаржыландыру, «Жайылма ауылындағы су құбыры желісін салу және су тарату құрылыстарын қайта жаңғырту» жобасын қоса қаржыландыру 4 елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) жобасын қоса қаржыландыруға 60 млн 797,0 мың теңге қаралуда. Манап, Әбдіғаппар, Құттықожа және Сунақата елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасын қоса қаржыландыру көзделіп отыр.
                                                      АУЫЛДЫҢ КӨРКЕЮІ ЕЛДІҢ ДАМУЫ
2024 жылға арналған аудандық бюджет жобасында көзделген ағымдағы шығындардан бөлек төмендегідей жаңа бастамаларға ұсынылуда екен. Яғни, кент және ауылдық округтердің инфрақұрылымын жаңартуға, көркейтуге қомақты қаржылар бөлінетін болады. Соған қысқаша тоқталып өтсек. Алдымен Қожамберді ауылдық округіндегі орталық Шәймен көшесінің бойына балалар ойын алаңқайын орнатуға, орталық саябаққа брусчатка төсеу жұмыстары жасалынады. Қандөз ауылдық округіне 5 көшені және 1 ойын алаңы орналасатын жерді құжаттандыруға, Шалқия кентіндегі А.Құнанбаев көшесін құжаттандыруға орташа жөндеуге ЖСҚ- ведомстволық сараптамадан өткізуге, мекеме қызметкерлеріне 5 дана жиынтық ұйымдастыру техникалық алуға қосымша қаржы қаралады. Аққорғандағы 6 көшені құжаттандыруға, Ә.Құлымбетов көшесінің қиылысынан саябақ орнату жұмыстарына, полигон аумағын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру жұмыстарына, жалпы ұзындығы 6,9-ды шақырым құрайтын 6 көшенің күрделі жөндеу жұмыстарына және сараптамадан өткізу көзделуде. Жайылма ауылындағы полигон аумағын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру жұмыстарына, жаңадан салынған ауылдық клуб ғимаратының жылу қазандығы мен мекеме қызметкерлеріне ұйымдастыру техникалары, кеңсе жиһаздарын, материалдық техникалық жарақтандыру жоспарлануда. Қыраштағы ауылдық клубқа материалдық техникалық жарақтандыруға, Көктөбе ауылдық округіне 8 көшеге жерге орналастыру кадастрлық құжаттарын жасауға, Бейбітшілік көшесінің бойына 17 дана күн көзінен қуат алатын көше жарығы шамдарын орнатуға, “Орталық” көшесін орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасауға және ведомстволық сараптамадан өткізуге қаржы қаралуда. Байкенжедегі әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеуге, Қожамберді батыр, Қ.Сіргебайұлы көшелеріне 76 дана бағана және 76 дана жарық шамдарын орнату, Ә.Оңғарбайұлы, Ө.Дүйсенов, Ә.Жолтаев, М.Парменқұлұлы 38 дана күн сәулесімен куат алатын жарық шамдарын орнатуға, ауылдық клубқа материалдық техникалық жарақтандыру жоспары бар. Сүттіқұдықтағы Ш.Ысқақұлы, А.Бектібаев, О.Таңатаров, Д.Конаев көшесіне күрделі жөндеу жүргізуге және С.Қожанов, М.Мақатаев, М.Жандарбеков көшесіне күрделі жөндеу жүргізу межесі бар. Қожакент ауылдық округіне әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеуге, Е.Ысқақов, Ф.Мырзахметов, Д.Айтжанов, А.Нұрманов, С.Бегманов, Ә.Ибахожаев, Ы.Алтынсарин, О.Қашқынов көшесін және R-18, R-20, ОК-4 каналын құжаттандыруға, мекеме қызметкерлерін материалдықтехникалық жабдықтармен жабдықтау жоспары қойылған. Қыркеңсе әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеуге, ұзындығы 2500 метр болатын Қырман каналын тазалауға, Д.Еркишев, Т.Сүйінішұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына, Ш.Уалиханов және 50 жылдық Қазақстан көшесіне орташа жөндеу жүргізуге ЖСҚ жасауға қаржы қаралуда. М.Нәлібаев ауылдық округіне Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, Ақжол көшесіне күрделі жөндеу жұмысы жоспарда.
Төменарықтағы Р.Бимұратов, Р. Құлымбетова, Орталық көшесіне өзіндік бағаналарымен арнайы көше жарықшамдарын орнату жұмыстарына, елді мекеннің төлқұжаты аумағын абаттандыруға және қатты қалдықтарды тастайтын орынды санитарлық эпидемиялық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілетін болады. Ақүйік ауылдық округіне орташа жөндеу жұмыстарына әзірленген ЖСҚ-ы ведомстволық сараптамадан өткізу, Қаратөбе елді мекеніндегі 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге және ведомстволық сараптамадан өткізуге қаржы қаралуда. Келінтөбедегі Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин және Т.Рысқұлов көшесінің бойына көше жарығын орнату, Манап ауылдық округі, Талап бекетіне скважина (артизан) қазып мал суғаруға және аллея мен елді мекенді көгалдандыру үшін скважина қазуға ЖСҚ жасауға және сараптамадан өткізу қаралуда. Шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеуден өткізіп, жаңадан ойын құралдарын орналастыруға, балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеуге және жаңадан ойын құралдарын орналастыруға, ауылдық клубқа материалдық техникалық жарақтандыру қаралуда. Сунақатадағы Жібек жолы көшесінің көше жарығын орнатуға жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге, А.Иманов, Құрбаната, Еңбек елді мекендегі Тәуелсіздік көшесін орташа жөндеу жүргізу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге және ведомстволық сараптамадан өткізу көзделуде. Кейденде Сырдария көшесін жарықтандыру Өзгентте З.Мұсаханов, Усен көшесін жарықтандыру жүргізу мақсатында ЖСҚ жасап, сараптама қорытындысы алуға, Ж.Аймауытов және А.Байтұрсынов көшесіне орташа жөндеу сметалық құжатты ведомстволық сараптамадан өткізуге, мекеме қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтармен және жиһаздармен қамту қаралған. Екпінді ауылдық округіне елді мекенге кіре беріс Е.Жексенбиев көшесін жарықтандыру жұмысы да биылғы жылдың еншісінде.
Соңғысы Жаңақорған кентіне атқарылар шаруа шаш етектен. Әсіресе, көше жарығы бірінші кезекте тұр. Көшелерге қолданыстағы тіректерге жарықдиодты көше шамдарын орнату жұмыстарына, С.Ахметов көшесіне көше жарығын жаңадан орнату және өзге де көшелерге жарық орнату жұмысы жоспарланған. Саяжай мөлтек ауданына жайлы мектеп құрылысы басталуына орай көше жарығын тұрғызуға және 12 дана аялдама орнату, Көкен батыр аллеясын ағымдағы жөндеу және абаттандыру, көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау, орташа жөндеуден өткізуге ЖСҚ әзірлеп, ведомстволық сараптамадан өткізу сынды жұмыстар жоспарда бар. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне Бесарық елді мекеніндегі жаңадан ашылатын учаскелерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына, Көктөбе ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб уйi ғимаратының құрылысы жобасына да қаржы қаралуда. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жол бойынша атқаратын межесін айқындалған.
Міне, қысқаша жүйелегенде жасалынатын жұмыстардың тізбегі осылай қалыптасты. Құйылатын инвестиция көлемі, қосымша бюжеттен берілетін, үнемделген қаржымен жасалынатын жұмыстар да тізімге енгізілмеді. Бәрінен бұрын ауданның әлеуеті мен экономикасын көтеру бағытында қабылданып жатқан шаралар, жоспарлар мен міндеттемелердің ауқымы өте кең. Ең бастысы, елдің тілегі мен талап-тілегі орындалып, келешекке жасалынып жатқан жоспарлар көңіл қуантады. Қалғаны уақыттың еншісінде...

                                                                                                                                             Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 қаңтар 2024 ж. 244 0