№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келелі мәселе қаралды

Келелі мәселе қаралды

Аудан әкімдігінің кіші залында 2023- 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің  кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы мен аудан әкімі аппаратының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қатысты.


  Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес әуелі баяндама оқыған аудан әкімі аппаратының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Жаннұр Дүйсенбаева аудан әкімінің 2019 жылғы №1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгенін хабардар етті. Онда Жайылма ауылдық округіндегі №310 сайлау учаскесі мектептен Өтеш Рахыш көшесінде орналасқан ауылдық клуб үйіне ауысқаны, №319 сайлау учаскесі қарамағына М.Есболғанов, Е.Қоңқабаев және С.Сапарбаев көшелері, №337 сайлау учаскесіне Т.Бигелдинов, Ә.Молдағұлова, А.Файзулдаев, Т.Тотаев, А.Аюпов және С.Молдалиев көшелері қосылғандығын жеткізді. Енді жоғарыда аталған көше тұрғындары осы сайлау үйлеріне барып өз таңдауын жасайтын болады.

Кеңесіп пішкен тон келте болмайды. Атқарушы билік пен қоғамның ынтымағы тонның ішкі бауындай беки түссе мәселенің шешімі де оң жағынан шешілетіні белгілі. Демек ел дамуына қажетті жобаларды іске асыруда қоғамдық кеңес мүшелерінің де орны ерекше. Осыны қаперден шығармаған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Семсер Әсенов «2023-2025 жылға арналған аудандық бюджет туралы» мәслихаттың шешімін таныстырды.

Онда аудандық бюджеттің өз кірісі 2023 жылға 3 353 850,0 мың, 2024 жылға 3 536 830,0 мың, 2025 жылға 3 636 377,0 мың теңге екені, ал субвенсия бойынша 2022 жылға 4 568 272,0 мың, 2023 жылға 4 985 900 мың, 2024 жылға 5 457 691,0 мың теңге бөлінгені айтылса, жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттер арқылы 2023 жылға 4 859 009,0 мың, республикалық бюджеттен 3 089 981,0 мың, облыстық бюджеттен 1 769 028,0 мың теңге бөлінгенін баяндады. Бөлінген қаржының барлығы дерлік кент және ауылдық округтердің кемел келешегіне жұмсалатыны және оны толықтай игеру қатаң бақылауда болатыны айтылды.

Осы тұста төрелік айтатын қоғамдық кеңес мүшелері тізгінді тең ұстауға көшіп, талап күшейіп, қаржылық дағдарыс қыспаққа алған кезеңде, арқаны кеңге салуға болмайтынын қаперден шығармаса екен деген ұсынысын жеткізді. Өзіндік пікірін білдірген кеңес мүшесі Серқожа Ыдырысов: «Елімізде ең көп қаржы бөлінетін саланың бірі жол және ғимарат құрылысы. Жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттерден маңызы бар деп танылған жолдардың өзіне қаншама миллиардтың көлемінде қаражат қаралады. Одан елді мекендер ішіндегі жолдар да бар. Жасыратыны жоқ, осы жолдардың көбінің сапасына көңіл толмайды. Сондықтан арнайы қаралған қаржының орнымен жұмсалуы қадағалауда болса нәтиже болары сөзсіз» деді ол.

Дегенмен кеңестің қабылдаған шешімі жел қауып қалмайтынын да ескеру керек. Өйткені олар тұрғындардың шағымын тыңдайды. Аудандық әкімдіктердің жұмысын қадағалайды. Аудан экономикасының өсіп-өркендеуіне байланысты мәселелерді белгілі бір деңгейге көтереді. Сондықтан жергілікті бөлімдердің басшылары міндеттерін мінсіз атқарса, жұрт алдындағы беделінің бекем болатынын ескеруі керек. Өйткені аталған кеңесті тұрғындар халық пен биліктің арасындағы алтын көпір іспетті көреді. Сол себепті елдің еңсесін тіктейтін ілкімді іс өзіміздікі, оған өгіз қара күшімізді жұмсасақ та жарасады деп артылған жүк ауырлығын сезініп, жауапкершілікпен қарауымыз міндетті.

Осылайша қоғамдық кеңесте талқыланған әр мәселеге атүсті қарамай, қайдан құлақ шығарсаның керіне салмай, керіспей, керісінше келісімге келсе алға қойған бір мақсаттың орындалғаны деп санаған жөн. Себебі, кеңес мүшелері мен бөлім басшыларының көтерген әр түйткілді мәселесі бір мүдде мен халықтың мұң-мұқтажына бағытталуы тиіс.

Лаура Бибасарова

01 мамыр 2023 ж. 203 0