№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрылыстың қарқыны

Құрылыстың қарқыны


Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңақорған кентінен 18 пәтерлі үш қабатты екі тұрғын үйдің құрылысына» облыстық бюджеттен 662 млн 307 мың теңге қаржы бөлініп, құрылысы маусым айында басталады деп жоспарлануда екен. Құрылыс жұмысы жыл соңында аяқталып, үй тұрғындарға беріледі деп күтілуде. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынып жатқан Жаңақорған кентіндегі 600 орындық №169 орта мектеп және МАЙ бекеті аумағында 300 орындық мектептердің құрылысы үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, А.Сұлтанов көшесінің бойынан 140 орындық балабақшаның құрылысы жүргізіледі. Келінтөбе ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуға аудандық бюджеттен 33320,0 мың теңге бөлініп, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жалпы қысқаша қайырғанда аудандағы алдағы 7 айда атқарылар ауқымды жоба осылай түйінделеді. Ең бастысы, сапаға мән беріп, жоспарды жүйелі, әрі уақтылы тапсырғаны абзал. Бұл атқарушы биліктің талабы, тұрғындардың тағатсыздана күткен тілегі.
29 мамыр 2021 ж. 694 0