Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Пікірсайыс алаңында тәрбие орынбасарлары

Пікірсайыс алаңында тәрбие орынбасарлары



Қай кезде де ұрпақ тәрбиесін ұлы құндылыққа балайтын, еңбек пен білімді ұштастыра білген әр ата-ана үшін бала болашағы бәрінен қымбат.
Осы мақсатта бүгін, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында облыстық дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Пікірсайысты әйгілі философ, математик Платонның: «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген сөзімен қорытындылады қатысушылар. Балалардың мүддесі үшін мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын нығайтып, ұрпақ тәрбиелеу жұмысын жандандыра беретінін де алға тартты тәрбие орынбасарлары.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі:

ІІІ орын — «Орда» фракциясы Андакулова Назгүл №229 орта мектебі, Бегимбетов Нұржан №247 орта мектебі

ІІ орын — «Бақ — Ал» фракциясы Қошанов Абзал №160 орта мектебі, Нысанбаев Бақберсін №221 орта мектебі

І орын — «Креатив» фракциясы Шайкова Ақерке №125 орта мектебі, Құлабаев Дархан №196 орта мектебі

Додалы тартыста өрелі ой өрбітіп, жүйелі сөз шеберлігін көрсеткен, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын жеңістерімен құттықтаймын!
26 қараша 2023 ж. 455 0