№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 4 973 ТАЛАПКЕР ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 4 973 ТАЛАПКЕР ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс көлемінде 8 051 бітіруші түлек бітіріп, олардың 7 219–ы ҰБТ-ға қатысты. Тестілеу нәтижесімен жоғары оқу орындарына 6 418 оқушы құжат тапсырып, 4 973 талапкер мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны – 885 түлекке көбейіп отыр.


Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, 1 770 талапкерлер педагогика саласына гратқа түссе, медицина мамандығына 491, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға 1 765 оқушы грант иегері атанған.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» белгісін алған түлектердің 205-і яғни 43,2 %-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданып отыр.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
10 тамыз 2023 ж. 6 441 0