№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауданда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы

Ауданда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы

Аудан бойынша 2023 жылдың 17 қарашасына дейін қызылша ауруымен 30 науқас есепке алынып, аурушаңдық көрсеткіші 37,3 құрап отыр.Тіркелген науқастардың зертханалық дәлелденгені-9 жағдай, қалған науқастардың қан сынамасы зерттелу үстінде.

Барлық есепке алынған науқастардың ішінде 23 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында есепке алып  76,6 пайызын құрады.   оның ішінде 91,3 пайызы (21 жағдай) 4 жасқа дейінгі балалар үлесінде.

Тіркелген науқастарды 4 уі шілде айында,  5 жағдай тамыз айында, 2 жағдай қыркүйек, 3 жағдай қазан айында, қараша айының 1-14 күні аралығында 16 жағдай орын алды.

Ауданда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы қазан айының 23 күнініне бастап тұрақсыздануда, тіркелген науқастардың 63 пайызы 23 қазаннан 13 қараша аралығында (19 науқас) есепке алынды.

Қызылша ауруының 90 пайызы екпе алмағандар арасында есепке алынды.

Тіркелген науқастарды елді мекенге қарай бөлгенде53,3 пайызыЖаңақорған кентінен- 16 жағдай, Түгіскен, Қожакент ауылдарынан-2 жағдайдан, Сунақата, Сүттіқұдық, Қосүйенкі, Кеңес, Төменарық ауылдарынан 1 жағдайдан тіркелді,  ауданға көршілес облыстарда келіп ауырғандар-5 жағдай (Қызылорда қаласынан-2 науқас, Алматы облысынан-2 науқас, Түркістан облысынан-1науқас) есепке алынды.
Ауру ошағында науқаспен қарым-қатынастағы 136 адам есепке алынып, медициналық бақылауға алынды, қарым-қатынастағылар арасында 4 адам ауырып есепке алынды.

Қызылша - вирустық инфекция. Ауруды оңай анықтауға болатын ерекше белгілері бар (бөртпе). Қызылша өте жұқпалы, ауа арқылы таралады. Инкубациялық кезең 21 күнге созылады.

Инфекция ауа тамшылары арқылы адамнан адамға беріледі. Науқаспен байланыста болған кезде (сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде) бұрын қызылшамен егілмеген және ауырмаған адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін.

Қызылша ауруына шалдыққанда өздігінше ем жасамай, дәрігерге қаралып ем алуды ұсынамын.

Қызылша ауруының алдын алудың ең тиімді жолы-вакцинация. Республикамызда қызылшаға қарсы вакцинация егу күнтізбесіне кіргізілген.  Алғашқы вакцинация 12 айлық дені сау балаларға беріледі. Вакцинаны қайта енгізу (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.

Қазақстан республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023 жылғы №7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы шығарылды. Қаулыға сәйкес 6 айлықтан бастап 10 айлық балалар арасында және 2,3,4 жас балалар арсында қосымша жаппай иммундау жұмысы кезең кезеңімен жүргізіледі. Қаулыға сәйкес Республика бойынша қызылшаға қарсы жаппай иммундау жұмысы осы жылдың  6 қарашадан бастап 6 айлықтан 10 айлық балалар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмысы жүргізілуде. Аудандық емханалардың егу бөлмелерінде 6-17 қарашаға дейін 533 бала қызылшаға қарсы қосымша егумен қамтылды.

Қызылша ауруының алдын алу үшін қосымша жаппай иммундау баланың уақытылы жоспарлы 1 жасында, 6 жасында екпе алу ережесін бұлжытпай орындап, уақытылы екпе алуға белсенділік таныту әрбір ата-ананың міндеті екенін ұмытпайық.

Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы
Ш.Айдарова
17 қараша 2023 ж. 349 0