№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда қызылшаға қарсы шұғыл вакцинация жүргізілуі мүмкін

Қазақстанда қызылшаға қарсы шұғыл вакцинация жүргізілуі мүмкін



Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2023 жылғы 14 наурыздағы қаулыға қол қойды.
Қаулы санитариялық-эпидемиологиялық комиеттің ресми сайтында жарияланды. Құжатта вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасы және иммундаудан бас тартулар салдары бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді қамтамасыз ету мақсатында мына ережелер бекітілген:
Шетелдік азаматтарды қоса алғанда ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін қызылшамен ауыратын  науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдарға шұғыл вакцинация жүргізу;
Аурудың соңғы жағдайы анықталған сәтінен бастап 21 тәуліктің ішінде байланыста болған адамдарды күнделікті медициналық бақылау;
Вакцинациялаумен төмен қамтылған, халықтың қиын қолжетімді топтары бар және көшіп-қонушылардың, тіркелмеген адамдардың саны жоғары аумақтарға аса назар аудара отырып,  өңір бойынша 30 жасқа дейінгі адамдардың егілуіне талдау жүргізуді, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында қызылшаға қарсы егілмеген және егілуі туралы деректері жоқ адамдар анықталған кезде ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін оларды бір рет иммундау бойынша шаралар қабылдауды;
Ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялауды ұйымдастыру;
Облыстардың, Алматы, Шымкент, Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің қызылшамен сырқаттанушылықтың  профилактикасы және иммундаудан бас тарту  салдары жөніндегі бірлескен жоспарын әзірлеуді және бекіту;
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елдегі қызылша 
24 наурыз 2023 ж. 342 0