Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы.

Ауданда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы.



Аудан бойынша 2023 жылдың қараша айының 9 күніне дейін қызылша ауруымен 22 науқас есепке алынды, аурушаңдық көрсеткіші 18,6 құрады. Барлық есепке алынған науқастардың ішінде 82 пайызы 18 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында есепке алынды, оның ішінде 94,4 пайызы 17 жағдай 4 жасқа дейінгі балалар үлесінде.
Тіркелген науқастардың зертханалық дәлелденгені-7 жағдай, қалған науқастардың қан сынамасы зерттеу үстінде.
Тіркелген науқастарды елді мекенге қарай бөлгендеЖаңақорған кентінен- 10 науқас, Түгіскен ауылынан-2 науқас, Сунақата, Сүттіқұдық, Қосиенкі, Кеңес, Төменарық ауылдарынан 1 жағдайдан тіркелді. Ауданға көршілес облыстарда келіп ауырғандар-5 жағдай (Қызылорда қаласынан-2 науқас, Алматы облысынан-2 науқас, Түркістан облысынан-1науқас)
Жасына қарай бөлгенде:1 жасқа дейін -5 жағдай,1жас-4 жағдай, 2жас -2 жағдай, 3 жас-6жағдай, 6 жас-1 жағдай, 28жас-1 жағдай, 31 жас-1 жағдай, 39 жас-1 жағдай, 52жас-1  жағдай тіркелді.
Кәсіби құрамына бөлгенде:ұйымдаспаған топ-17жағдай,  Оқушы -1 жағдай  Алматы қаласынан келген, жұмысшы-1 жағдай, жұмыссыз -2 жағдай
Қызылша ауруына20 жағдайы91 пайызы екпе алмағандар арасында есепке алынды.
Ауру ошағында науқаспен қарым-қатынастағы 101 адам есепке алынып, медициналық бақылауға алынды, медициналық бақылау кезінде қарым-қатынастағылар арасында 1 адам ауырып есепке алынды.
Қызылша - вирустық инфекция. Ауруды оңай анықтауға болатын ерекше белгілері бар (бөртпе). Қызылша өте жұқпалы, ауа арқылы таралады. Инкубациялық кезең 21 күнге созылады.
Инфекция ауа тамшылары арқылы адамнан адамға беріледі. Науқаспен байланыста болған кезде (сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде) бұрын қызылшамен егілмеген және ауырмаған адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін. Қызылша вирусы өте құбылмалы: қызылшаны науқаспен тікелей байланыста болмай, онымен бір үйде болу арқылы жұқтыруға болады.
Қызылша ауруының белгілеріинкубациялық кезең (инфекциядан аурудың алғашқы көріністеріне дейін) 7-ден 17 күнге дейін созылады. Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде (3-4 күн) және бөртпелердің төртінші күніне дейін, яғни 9 күн ішінде басқаларға жұқпалы болады. Бірінші, катаральды, кезеңде (1-3 күн) қызылша респираторлық инфекция түрінде көрінетінін білу маңызды: дене қызуы көтеріліп, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы белгілерімен сипатталады.
Ауру үш кезеңнен тұрады:катаральды, бөртпе кезеңі және пигментация кезеңі.
Балалардағы қызылшаның алдын-алу оның денсаулығы мен толыққанды дамуының маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сондықтан қызылшаға қарсы егу профилактикалық егу күнтізбесіне кіреді. Алғашқы вакцинация 12 айлық дені сау балаларға беріледі. Вакцинаны қайта енгізу (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.
Қазақстан республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023 жылғы №7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және
санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы шығарылды. Қаулыға сәйкес 6 айлықтан бастап 10 айлық балалар арасында және 2,3,4 жас балалар арсында қосымша жаппай иммундау жұмысы кезең кезеңімен жүргізіледі. Қаулыға сәйкес Республика бойынша қызылшаға қарсы жаппай иммундау жұмысы осы жылдың  6 қарашадан бастап 6 айлықтан бастап 10 айлық балалар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмысы жүргізілуде. Аудандық емханалардың егу бөлмелерінде 9 қарашаға дейін 233 бала қызылшаға қарсы қосымша егумен қамтылды.
Аудан тұрғындарын балаларыңызды қызылша ауруымен ауруының алдын алу үшін қосымша жаппай иммундауға және уақытылы жоспарлы 1 жасында, 6 жасында екпе алу маңызды екенін еске саламын.
Қызылша ауруына шалдыққанда өздігінше ем жасамай, дәрігерге қаралып ем алуды ұсынамын.

Шынар Айдарова
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы 
09 қараша 2023 ж. 320 0