Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемдегі ең бай тіл – қазақ тілі

Әлемдегі ең бай тіл – қазақ тілі



«Түркі тілдерінің ішінде ең байы қазақ тілі екенін бүкіл зерттеуші мойындаған» дейді Платон Мелиоранский. «Әлем тілдерінің ішінен тек үш тілдің ұлылығын мойындадым. Ол – орыс, француз және қазақ тілі» деп жазған ресейлік шығыстанушы-түрколог В.Радлов XIX ғасырдың өзінде. Әлем мойындаған ғалымның мұндай сөзі көп нәрсені білдіреді емес пе?!
Жалпы, қазақ тілінің бай екенін одан басқа С.Малов, А.Брем, А.Янушкевич секілді әлемге танылған түркітанушылар да айтқан.
Тіпті тағы бір шығыстанушы Платон Мелиоранский В.Радловтың ойын дәлелдей түскендей. Оған оның мына бір сөзін келтіруге болады:
«Түркі тілдерінің ішінде ең байы қазақ тілі екенін бүкіл зерттеуші мойындаған», – деді Платон Мелиоранский.
Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл. Өйткені қазақ тілінің сөздік қоры 2,5 миллион сөзден тұрады екен.
Өкінішке қарай, бізде қазақтың көбі ана тілінің байлығын біле бермейді. Мәселен, орыс, эстон, фламанды қосқанның өзінде қазақ тілінің сөздік қорына жетпейді. Оған дәлел ретінде жазушы, орыс, неміс және қазақ тілдерінің білгірі Герольд Бельгердің жазғаны бар.
Оның айтуынша, орыс әдеби тілінің ең үлкен 17 томдық академиялық сөздігінде 120 448 сөз тіркеліп, түсіндірілген. Ал Далль сөздігінің 4 томында 200 мыңдай сөз бен мақал-мәтелдер жинақталған. Соның ішінде қазақтың түсіндірме сөздігінің 10 томдығында 2 миллион 550 мың сөз бар екен. Бір тілде 2 миллионнан астам сөз болу сұмдық емес пе?!
Тіпті Шекспир мен Байронның бүкіл шығармасын алғанның өзінде сөздік қорда бар-жоғы 15 мың сөз ғана. Ал Мұхтар Әуезовтің бір ғана «Абай жолы» эпопеясында 17 мың сөз қолданылған екен.

Ермуханбет Әбдраманов
Жаңақорған ауданы
Полиция бөлімінің тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы, полиция капитаны 
26 желтоқсан 2023 ж. 235 0