№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тіл-ең асыл құндылық

Тіл-ең асыл құндылық



Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі. Бұл өткен ғасырдағы қазақ рухани мәдениетінің көшбасшыларының бірі болған, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөзі. Ол кісі өмір сүрген заманда сөйлеу стиліне де айтарлықтай мән берілгендігін осы қанатты сөзден білуге болады. Ал қазіргі уақытта ше?
Тіл адамзат баласының ең маңызды құралының бірі. Шапса қылыштай өткір болатын, жылы қолданса жыланды інінен шығаратын әмбебап құрал. Ал осы құралдың тазалығы оны қолданушының рухани жетілуінің көрсеткіші. 
Тіл тазалығы дегеніміз не? Қазіргі уақытта өзекті мысалмен түсіндірсек,  шала қазақша сөйлемеу. Өзге тіл сөздерін, жаргон сөздерді сөйлемге араластырмау. Әрине, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте деген қанатты сөз бар. Көп тіл білу де көп қараның бойына біте бермейтін асыл қасиет. Бірақ сол тілдерді бір сөйлемге қосып сөйлеу орасан зор қауіп тудырады. Қазіргі уақытта қазақ тіліне қауіп төндіріп тұрған шала тілділік көбейе бастады. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын екі түрлі тілдің сөздері сөйлем арасында алмаса қолданылып жүргеніне күнделікті куә боламыз. Алайда осы нәрсе тіліміздің көптеген сөздерін қолданыстан шығарып та жатыр. Атап айтсақ короче, обед, понедельник, праздник деген секілді орыс тілінің сөздерін халық жиі қолданады. Орыс тілін жетік меңгермеген адамдар да осы сөздерді сөзіне қосады. Ауыз екі сөйлеу стилінде осындай жағдайлар өте көп кездеседі. Қысқасы, түскі ас, дүйсенбі, мереке сөздерін адамдардың сөзінен сирек естіп жатамыз. Ресми іс шаралардан, өнерден өзге салалардағы қазақ тілінің тазалығының жағдайы қиын. Кино туындыларының өзінде де таза тілде сөйлегені, бір шынайылықты кеміткендей әсер қалдырады. Себебі шынайы өмірде таза сөйлеу бізге де үйреншікті емес. Сондықтан шынайылықты бейнелейтін екі тілді араластыра  қолданған фильмдер халық таңдауынан орын алып жатады. Ресми іс шараларда да, мемлекеттік қызметте тіл тазалығы талап етілсе де ондағы жалпы қазақ тілінің ахуалы нашарлау болып тұр.
Бала тілі шығып сөйлей бастағанда тіл, тіл тазалығын ойламақ тұрмақ, өзінің қай тілде сөйлеп жатқандығын білмейді. Олар отбасының сөзін қайталап жүріп үйренеді. Санасына түскі ас емес обед сөзі бекіген бала, өсе келе түскі ас деп сөйлеуі екіталай. Осылай бірнеше ұрпақ ауысса бұл сөздер қолданылмайтын, ескі сөздер қатарына кіруі әбден мүмкін. Ал осылай жалғаса беретін болса тілдің қолданыстағы сөздік қоры азаяды, ал бұл өз кезегінде тілдің жойылуына алып келеді.
Жаратылысы судан болса да екі алып мұхиттың шекарасы бар. Себебі су құрамы, тығыздығы әртүрлі. Сол екі алып теңіздің бірікпегені секілді орыс тілі мен қазақ тілі бірікпес екі ұлттың құндылығы. Ол екі тілді ұқсастыруға тырысып араластырып сөйлесек те еш қосылмайтыны бәріне белгілі. Осы себепті тілімізді шұбарламай  бұлақтың мөлдіріндей кіршіксіз тазалығын сақтап сөйлеген ең абзалы.  Сол секілді асыл тіліміздің өзіне тән грамматикасы, сөздік қоры бар.  Оны өзге тілмен қоспай, тіліміздің даралығын сақтайық.

                                                                                                                                              Зинадуллақызы Алина
10 шілде 2023 ж. 630 0