Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Желтоқсаншыларға құрмет

Желтоқсаншыларға құрмет



Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы жаңақорғандық желтоқсаншыларды қабылдап, құрмет көрсетті. Азаттықтың жолында жастық жалынын жігер етіп, егемен ел болуды мақсат еткен желтоқсаншыларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Оларды төл мереке қарсаңында аудан басшысы төрге оздырып, алғысын білдірді.

– 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі – Тәуелсіздігімізге жол бастаған саяси оқиға. Ел болашағы үшін ерлік көрсеткен жандарға тағзым етер, құрмет тұтар қасиетті күн. Сол кездегі жастарымыздың жігері бізді егемендікке жетеледі. Биыл Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Тәуелсіздігімізге 32 жыл. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, Сіздердей нағыз қаһарман ұл-қыздардың ерлігі мен азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр. Сондықтан да біз үшін, бүгінгі ұрпақ үшін Тәуелсіздіктің орны айрықша. Біз жыл сайын өздеріңізбен кездесуде сол күндерді тағы бір еске алып, тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін көз алдымызға елестеткендей боламыз. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Бұл қасиетті ұғым Сіздер арқылы жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс, – деп аудан әкімі жылы лебізін білдіріп, желтоқсаншыларды марапаттады.

Аудан әкімінің қабылдауына Динаш Ахметова, Беркімбай Мақұлбеков, Саяуыш Төлегенов, Бақберді Булеков және Салима Мырзабекова сынды аға-әпкелеріміз келіп, өткен күннен сыр шертті. 37 жыл өтсе де жарасы жазылмаған ауыр сәттерді еске алып, мәні мен мазмұнын әңгімеге арқау етті. Аудан әкіміне көпшілік атынан Дина Садыққызы алғыс айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Аудан басшысы көтерілген мәселелерді назарға алып, нәтиже Жболатынын айтты.
16 желтоқсан 2023 ж. 282 0