Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рәміздер алаңы ашылды

Рәміздер алаңы ашылды

Бүгін ауданымызда "16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні" қарсаңында аудан әкімі Мұрат Тлеумбетовтің қатысуымен Рәміздер алаңының ашылу рәсімі болып өтті.


Салтанатты жиында сөз алған аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы аудан жұртшылығын Рәміздер алаңының ашылуымен құттықтады.
- Ең алдымен баршаңызды тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі салтанатты шарамызды Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізуіміз бекер емес. Себебі Тәуелсiздiкке тағзым ең алдымен мемлекеттiк рәмiздерге құрмет көрсетуден басталады. Рәміздерге тағзым – тарихқа тағзым, оларға құрмет – елге құрмет. Өйткені мемлекеттік белгілеріміз елдің құты, ырыс қасиеті. Тәуелсіздігіміздің айбары саналатын Мемлекеттік Рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін. Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Көк Туымыз биікте желбірей берсін - деді, аудан басшысы.

Одан әрі Рәміздер алаңындағы көк байрағымыз көкке көтеріліп, Мемлекеттік Гимн жанды дауыста орындалды. Мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасқан Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маман заңгері Ержан Ералыұлы салтанатты түрде ант қабылдады.

Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің айқын белгілері саналатын Рәміздерді қастерлеп, Рәміздер алаңының ашылуы аудан жұртшылығы үшін үлкен қуаныш сыйлады.

Рәміздер алаңында Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимннің мәтіні және биіктігі 17 метр болатын Мемлекеттік Ту орналасқан.




16 желтоқсан 2023 ж. 197 0