» » Желтоқсан куәгерлеріне құрмет көрсетті

Желтоқсан куәгерлеріне құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов жаңақорғандық желтоқсаншыларды қабылдады.
Аудан басшысы тәуелсіз қазақ елінің отыз екі жыл ішіндегі бағындырған биік белестері мен қазақ жастарының толқуына қатысқан жандардың ерлігін бүгінгі мен кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтып өтті.

– «1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі — Тәуелсіздігімізге жол бастаған саяси оқиға. Біз жыл сайын өздеріңізбен кездесуде сол күндерді тағы бір еске алып, тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін көз алдымызға елестеткендей боламыз. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан да Тәуелсіздіктің қасиетті ұғымы Сіздер арқылы жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.

Қасиетті қазақ елінің шаңырағы шайқалмай, кең пейілді дархан дәрежеміз үстем, Тәуелсіздігіміз баянды болсын! », - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Кездесуде желтоқсаншылар қазақ жастарының өшпес ерлігін тілге тиек етіп, естеліктерімен бөлісті. Сол кезеңдегі жас өрендердің аңыз болып қалған әрекеттері келер ұрпаққа патриоттық сезім сыйлап, Отансүйгіштікке тәрбиелейтіні анық.

Шара соңында Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына аудан әкімінің «Құттықтау» хаты табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
15 желтоқсан 2023 ж. 323 0