№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ​Табиғат байлығына қамқорлық керек

​Табиғат байлығына қамқорлық керек



Облыс әкімдігінің 2023 жылғы бекітілген жоспары бойынша аймақ көлеміндегі күріштік алқаптардағы балық шабақтарын құтқару бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жаңақорған ауданына бекітілген 700 000 дана балық шабақтарын құтқару аяқталды. 2023 жылдың егістік кезіндегі судың тартылу кезеңінде шабақ құтқару жұмысы жүйеленді. Жалпы Сыр бойындағы ауылдардың негізгі тіршілігі егін шаруасы, оның ішінде күріштік болғаннан кейін аяқ су аса қажетті. Сондықтан күріштіктерде шабақтың көп болуы заңды.
Біздің “Нұрбақыт” жеке кәсіпкерліктің иелігіндегі “Қожакент” көліне де шабақ жіберу жылдағы дәстүр бойынша жалғасты. “Келінтөбе” каналынан құтқарылған шабақтар көлге уақытылы жеткізіліп, меже орындалды.
Көлге 5 жылдан астам уақыт иелік етіп, балық бизнесін шама-шарқымызға дөңгелетіп келеді. Қорықшылар мен жалпы көлге қызметі бар адамдардың еңбегі қашанда төрде тұрады. Шыны керек, балық шаруасын дамытуға барынша көңіл бөліп келемін. Ата кәсіп болған балық өсіру тек мақсат қана емес, азайып бара жатқан оларды қайта көбейту міндетіміз. Қазір дария деңгейі төмендеген сайын, оның үстіне заңсыз аулаудың кесірінен балық қоры аудан бойынша азайды. Сондықтан әрбір тұрғын көлдерге көбірек көңіл бөлсе дейміз, балық азайған сайын бағасы да өсе беретіні ақиқат. Сондықтан жыл сайын шабақ құтқару маусымында белсенділік танытып, көлдерді ретке келтіріп алуға тырысамыз. Жылдағы жоспарды орындап, межені мәреге жеткіздік.
Мақсат біреу, мүдде ортақ дейді ағаларымыз. Акцияға «Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің бас мамандары – Руслан Сейтмұратов, Ербол Көшкінбаев, «Жаңақорған ауданының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» мекемесінің ихтиолог маманы Даулет Мажитов, ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов және осы маманның өзге де құтқарушы жасақтары, сонымен қатар табиғат пайдаланушылар мен Сырдағы көлдердің иелері жұмылып, берілген жоспар жүйелі орындалып, шабақ шығынсыз құтқарылды.
Биыл ауданда күріш өсіру межеден асты, өнім де көңіл қуантарлық. Диқандар төккен тер еңбекті ақтады деп қуануда. Енді шабақтар шығын болмаса болғаны. Өйткені балық та табиғаттың бір байлығы, әрі табыс көзі. Тілін түсініп, істің көзін тапқан адамға балық бизнесі қыруар пайда әкеледі. Десе де, Жаңақорғанда балық шаруашылығы әлі де кемшін тартуда.
Қорыта айтқанда, жасалынып жатқан игі іс – Сыр балығына деген қамқорлық. Табиғат сыйлаған тіршілік иесін құтқару әрбір азамат алдындағы үлкен жауапкершілік болуы тиіс. Табиғат өзі жүктеп отырған маңызды міндет дер едік. Сондықтан бұл тіршілік иесіне де мейірімділік танытқан абзал. Ең бастысы, шабақ шығын болмай, тиісті көлдерге жіберілгені...

Алтынбек АБИЛКАСИМОВ,
жеке кәсіпкер.
12 желтоқсан 2023 ж. 226 0